Кеңес ал!
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдаудың құралдары
Бағдарламаны таңдауБазалық мөлшерлеме ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі құралы болып табылады, ол ақша нарығындағы номиналды банкаралық пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік береді. Базалық мөлшерлеме деңгейін белгілей отырып, ҚР Ұлттық Банкі орта мерзімді кезеңде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нысаналы) банкаралық қысқа мерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды.
Құжаттардың стандартты пакеті субсидиялау және кепілдік беру бағдарламаларымен айқындалады. Банк қосымша құжаттар пакетін сұратуға құқылы. "Даму" Қоры ЕДБ ішкі саясатына араласуға құқылы емес.
* ЕДБ — екінші деңгейдегі банк
Мемлекеттiк қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсатында, келесі қызметтерді атқаратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның iшiнде микрокәсiпкерлiк деп тануға болмайды:
Кепіл — бұл қарыз алушыға тиесілі және несиенің қайтарылатынына кепілдік болып табылатын құнды мүліктің бір түрі. ЕДБ/МҚҰ үшін кепілге берілген несие несиелеудің ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып табылады. Қарыз алушыға тиесілі пәтер, кеңсе, өндірістік үй-жай, автомобиль, бағалы қағаздар немесе банктік салым несие алу үшін кепіл бола алады. Несие алу үшін кепіл ретінде қарастырылатын мүліктің өтімділігі жоғары болуы маңызды.
Несие бойынша тәуекелдерді ЕДБ/МҚҰ дербес көтереді, сондықтан кепіл саясаты ЕДБ/МҚҰ-дан шығады. Егер ЕДБ/МҚҰ кепіл саясаты аудандардағы, ауылдық елді мекендердегі кепіл ретінде қарауға мүмкіндік берсе, онда бұл жағдайда барлық тәуекелдерді бағалап, несие бойынша төлем қабілеттілігін мұқият тексергеннен кейін ЕДБ/МҚҰ жылжымайтын мүлік кепілімен несие беру туралы түпкілікті шешім шығарады.
* ЕДБ — екінші деңгейдегі банк; * МҚҰ — микроқаржылық ұйым
«Даму» Қоры бағдарламалары шеңберінде кепілсіз кредит беру қарастырылмаған, бірақ «Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер/микрокредиттер үшін берілген кепілдік сомасы несие/микрокредит сомасының 85% дейін құрайды, несие сомасының қалған бөлігін екінші деңгейдегі банктің/микроқаржы ұйымының (жылжымайтын мүлік, депозиттегі қаражат және т.б.) қалауы бойынша кәсіпкер өтейді.
"Даму" Қорының бағдарламалары стартап-жобаларын қаржыландыруға тыйым салмайды. Стартап-жобалар қандай да бір бағдарламаның шарттарына және ЕДБ/МҚҰ/ЛК талаптарына сәйкес келген жағдайда қаржыландырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, жобаларды, оның ішінде стартап жобаларды іріктеу, қарау және барлық шешімдерді ЕДБ/МҚҰ ішкі несиелеу саясатына сәйкес дербес қабылдайтынын атап өту қажет. "Даму" Қоры қаржыландыру ұйымының ішкі саясатына араласуға құқылы емес.
Сондай-ақ, ЕДБ / МҚҰ сала бойынша жұмыс істеп тұрған бизнестен ерекшеленетін қызметтің жаңа саласында бизнес ашу кезінде стартап-жобаларды қарайды.
* ЕДБ — екінші деңгейдегі банк; * МҚҰ — микроқаржылық ұйым; * ЛК — лизингтік компания
Кәсіпкердің өтінішін қарау механизмі:
Субсидиялау құралы бойынша:
Клиент ЕДБ/МҚҰ/ЛК-ға өтініш береді. Шешім оң болса, кәсіпкер өз бетінше «Даму» қорына өтініш жібереді. ЕДБ/МҚҰ/ЛК оң шешімі болған жағдайда өтінішті:
Кепілдік құралы бойынша:
«Микро- және шағын бизнесті қолдау» (портфельдік субсидиялар/кепілдіктер) бағыты бойынша банк Қорға хабарлама мен төлем кестесін дербес жібереді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің субсидиялау және кепілдік беру өтініштерін қараудың әрбір құралы бойынша егжей-тегжейлі түсіндірулер «Біздің қолдауымыз» бөлімінде орналастырылған презентацияларда көрсетілген.
* ЕДБ — екінші деңгейлі банк; * МҚҰ — микроқаржы ұйымы; * ЛК — лизингтік компания
Несие өтінімі бойынша шешімді жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін бағалау негізінде ЕДБ/МҚҰ/ЛК қабылдайды. Егер сіздің жеке бизнесіңіз, оң несие тарихыңыз болса және сіз адал салық төлеуші болсаңыз, онда "Даму" Қорының қолдауымен банктен қаржыландыру алу мүмкіндігі барынша жоғары.
Әрбір кәсіпкер Интернетте ұсынылған үлгілерді пайдалана отырып, өз бетінше бизнес-жоспар (бұдан әрі — БЖ) жасай алады. Сонымен қатар, кредит алуға БЖ үшін ЕДБ/МҚҰ/ЛК-мен олардың БЖ мазмұнына қойылатын талаптарын нақтылаған жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жоспарында көрсетілуі тиіс қарсы міндеттемелері бар, атап айтқанда:
* ЕДБ — екінші деңгейлі банк; * МҚҰ — микроқаржы ұйымы; * ЛК — лизингтік компания
"Даму" Қоры несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және несиелерге кепілдік беру түрінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау құралдарын іске асыратын қаржы агенті болып табылады. "Даму" Қорының барлық бағдарламалары ЕДБ / МҚҰ / ЛК арқылы іске асырылады, яғни "Даму" қоры кәсіпкерлерге тікелей несие беруді жүзеге асырмайды.
Мекенжайы:
Алматы қ., Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр көшесімен қиылысы
Телефон:
+7 (800) 080 18 90
Ішкі нөмірі:
1408
Email:
info@fund.kz