menu
Жабу

ТФ Ажар ЖШС сыртқы киім тігу

Жаңалықтар
27.02.2024

Талдықорғандағы «Ажар» тігін фабрикасы» ЖШС – Қазақстан нарығында арнайы киім мен балалар, ерлер мен әйелдерге арнап сырт киім өндіруші кәсіпорын. Өндіріс алаңы 4,7 мың м2 болатын бұл ең көне кәсіпорында 1000 адам жұмыс істейді. Тарихы 1933 жылдан басталатын фабрика 1991 жылдан бастап — ұжымдық кәсіпорын, 1996 жылдан бастап — «Ажар» ЖАҚ, 2004 жылдан бастап — «Ажар» ТФ» ЖШС болып тіркелген.

Қазір кәсіпорын заманауи импорт жабдықтарда жоғары сапалы бұйымдар тігіп шығаруды. Компания өнімдері заманауи дизайн, матаның сапасымен ерекшеленеді. 1992 жылдан бастап кәсіпорын: ҚР күш құрылымдарына арналған форма, мүлік, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарға арналған арнайы киім, ерлер, әйелдер, балалар костюмдері, мектеп формасы, жұмсақ мүкәммал және басқа да бұйымдар тігеді. Өнімдер «QS Azia Septik» ЖШС қауіпсіздік және сапа талаптарына сәйкес сертификатталған.

2022 жылы компания айналым қаражатын толықтыруға «Forte Bank»-тен несие алды. Жобаны «Даму» Қоры» Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдап, сыйақы мөлшерлемесінің бөлігі субсидияланды.

Компания өнім өндіруге асқан жауапкершілікпен қарайды және мінсіздікке ұмтылады. Клиенттердің көпшілігі оларға қайта оралады, өйткені олар сапалы өнім екеніне көз жеткізеді.

Байланыс телефоны: +7 701 736 72 09

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, ақын Сара көшесі, 152