menu
Жабу

КөкшеҚұс – табиғи құс еті

Жаңалықтар
28.02.2024

«КөкшеҚұс» сауда маркасы Ақмола облысының тұрғындарына кеңінен танымал. «КөкшеҚұс» өнімдері – тауықтың мұздатылған еті: тауықтар, аяқтар, жамбас, қанаттар, филе, төс еті, тартылған ет, бауыр, жүрек, асқазан және т. б.

Құс етін Көкшетау қаласының маңында экологиялық таза аудан – Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Гранитный ауылында өсіріледі. Жобаны «Blic Terminal» ЖШС компаниясы жүзеге асырды. 2018 жылы серіктестік құс фабрикасының құрылысын бастап, жоғары сапалы неміс жабдықтарын сатып алды. 2019 жылы құс фабрикасы пайдалануға берілді. Бройлер тауықтары Голландиядан әкелініп, өсіру процесі 42 күнді құрайды. Барлық 42 күн бойы құстар микроклиматты, суару және тамақтандыру желісін бақылайды. Кәсіпорын Зеренді ауданында өсірілген ең жақсы жемді ғана пайдаланады.

2020 жылы компания Халық Банкі АҚ-да айналым қаражатын жылдық 13% - бен толықтыруға қаржы алды. Даму Қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы (басым жобаларды кредиттеу тетігі) шеңберінде кредит бойынша мөлшерлемені субсидиялауды ұсынып, соның арқасында кәсіпорын кредит бойынша тек 6%-ын ғана төледі.

2023 жылдың күзінде кәсіпорын «Қазақстан Иджара компаниясы» АҚ арқылы «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 2021-2025ж» бағдарламасы шеңберінде субсидиялаумен техниканы сатып алды.

Үй шаруашылығының технологиясын қолдана отырып, ет үйдегі өсірілген тауықтың дәмі секілді болып келеді. Мұндай табиғи дәм «КөкшеҚұс» өнімдері сатып алушылардың үлкен сұранысына ие. Барлық шығарылатын дайын өнім халал стандарттары бойынша сертификатталған.

Кәсіпорынның мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Гранитный ауылы, Өнеркәсіптік аймақ.

Байланыс: 8 701 537 2505 (WA)

Инстаграм парақшасы: @kokshetau_kus