«Даму» Қорының қолдауымен «DoctorDos» стоматологиясында Planmeca 3D заманауи рентген аппаратурасы пайда болды.
Қостанайлық дәрігер-стоматолог Зайра Құрманқызы Досанова екі мыңыншы жылдары заманауи жабдықтарға толы өз стоматологиясы болатынын армандай да алмаған. Ал қазір оның клиникасын бүкіл Қостанай облысы біледі.
Зайра Құрманқызы 30 жылдан астам уақыт бойы әр түрлі клиникаларда жұмыс істеді. Ал 2019 жылы өз бетінше пациент қабылдап өзінің жеке стоматологиялық кабинетін ашуға шешім қабылдады. Серіктесі болмады. Жеке үй-жайы да жоқ. Сондықтан бастапқыда жалға берілетін бөлмеде жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкер өзінің алғашқы жабдықтарын «Даму» Қорының қолдауымен 6%-дық несиеге сатып алды. Қор қосымша кепілдік те берді. Сөйтіп, DoctorDos стоматологиясы пациенттерге есігін айқара ашты.
2021 жылы кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры арқылы өзінің жеке ғимаратын және стоматологияға арналған қосымша жаңа жабдықтарды сатып алды.
2022 жылы «Даму» Қорының портфельдік субсидиялау және кепілдігін пайдалана отырып негізгі құралдарға қол жеткізді.
2023 жылғы қарашада кәсіпкер «Bereke Bank»-тен несие алды. Ал «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемені субсидиялап, кәсіпкердің қарыз жүктемесін азайтты.
Несие қаражатына сатып алынған Planmeca 3D рентген жабдығы –шағын клиникадан үлкен ауруханаға дейін кез келген стоматологиялық көмек талаптарын қанағаттандыра алатын, мол құралдар жинағы бар икемді және интуитивті бағдарламалық платформа. Мұндай 3D рентгенограмманың артықшылығы: сәуле минимал дозамен шығады, белгілі бір клиникалық жағдайға арналған әртүрлі өлшемдер мен сәйкес көлемдер, стоматологиялық қосымшаларға арналған арнайы бейнелеу хаттамалары, 3D бет фотосуреттері, 3D форматында шынайы фотосуреттер жасауға мүмкіндік беретін жаңа эксклюзивті функция, 3D басып шығаруды немесе гипс моделін сканерлеу, цифрлы панорама суреті секілді функциялардың барлығын бір құрылғыға біріктіргенінде.
Planmeca 3D жабдықтары: эндодонтиялық, периодонтиялық, ортодонтиялық, имплантологиялық, стоматологиялық жоғарғы жақ хирургиясының бірқатар диагностика талаптарына сай.
«Бір кездері мен өз ғимаратым, толыққанды инновациялық жабдықтар жайлы армандадым. Ал қазір «Даму» Қоры мен мемлекеттік қолдаудың арқасында менің бизнесім дамып келеді. Қазір біздің DoctorDos стоматологиясы пациенттердің денсаулығы мен сұлулығына толық қызмет көрсете алады. Риза болып кеткендер саны 7000-нан асты. Біз өз жұмысымызда ең жаңа технологияларды, жоғары сапалы материалдарды және ең жақсы заманауи жабдықты қолданамыз», - дейді Зайра Досанова.
Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 149 үй
Тел: +7 (747) 269 09 69
Instagram: @Doctordos