Call-center (қонырау тегін)
1408
Табыстың тарихы
07.09.2018

Жамбыл облысы. «ASTI» дәмханасы

Тараз қаласындағы «ASTI» дәмханасында адам аяғы үзілген емес. Себебі оның қожайыны Тигай Константин Алексеевич мейрамхана бизнесімен көп жылдан бері айналысып келеді. Бүгін біз Константин Алексеевичпен сұхбаттасып, бизнесі жайлы әңгімелеспекпіз. 


Бизнесіңіз жайлы қысқаша айта кетіңізші.

Мен негізінен дәмхана-мейрамхана (лаунж бар, караоке) бизнесімен айналысамын. Аспаздық пен ас дайындап, көпшілікке ұсыну ғана емес, сусындар сату, көңіл көтеретін бағдарламалар ұсынамын.

PHOTO-2018-09-20-14-00-54.jpg

Дәл осы бизнесті жолға қою туралы ой қалай келді? Бұл бизнес жайлы идея басыңызға қалай келді? Ерекшелігі неде?
Жеке дәмханам туралы көптен бері армандайтынмын. Дәмхана ашу - тәуекелді қажет ететін күрделі іс. Ашу үшін көп шығын кетеді. Дегенмен істің көзін тапсаң салған ақшаң ақталып, түсім жаман болмайды.
Идея басыңызға келген соң жүзеге қалай асырдыңыз?
Мен ең алдымен ғимарат жалдаумен айналыстым. Әрине, алғашында кез келген істегідей қиындық болды. Шаршадық, шалдықтық, жетістікке қол жеткізу үшін шығаршылық әдістер де қолдандық. Іс жүре бастағанда мен ғимаратты сатып алып, әрі қарай сүйікті ісіммен айналыса бастадым.

«Даму» Қорына келіп жолыққан соң жоба жүзеге асырыла бастағанға дейін қанша уақыт өтті?
Шамамен 2-3 апта кетті. Алдымен мен Қорға кеңес алу үшін келдім. Қор менеджерлері мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынды. Кейін мен «Нұрбанкке» қаржыландыру үшін өтінім бердім. Оданк кейін Қор қызметкерлері маған құжаттар топтамасын жасауға көмектесті.


PHOTO-2018-09-20-14-00-53.jpg

Екінші деңгейлі банктермен істес болған кезіңіз туралы айтып бере аласыз ба? 
Екінші деңгейлі банктермен істес болғаным жайлы тек оң пікір білдіре аламын. Мен кәсіпкерлікпен айналыса бастағанда қосымша қаржы көздеріне мұқтаж болдым. Сол себепті екінші деңгейлі банктерді көп жағаладым. Әдетте банк өтінімді 3 күннен 15 күн аралығында қарастырады.

Жобаны іске қосуға қанша қаржы кетті? 
Алғашқыда өз қаражатымды жұмсадым. Негізінен құрал-жабдықтар сияқты қажеттіліктерге ақша шығындадым. 

PHOTO-2018-09-20-14-00-46.jpg

Бизнесіңіздің болашағы туралы не айтар едіңіз?
Әрине, мен бизнесімді кеңейтуді жоспарлап отырмын. Музыка аспаптарын, жабдықтарды, жиһазды жаңартып, уақыт көшінен қалмай ілесіп отыру.

Бизнесіңіздегі бәсекелестік туралы пікіріңіз қалай?
Бұл бағыттағы бәсекелестік жоғары екені айқын. Алайда біздің дәмханадағы табиғи дауыспен ән салып, музыкамен сүйемелдейтін қызмет түрі қала бойынша саусақпен санарлық қана.
PHOTO-2018-09-20-14-00-48.jpg

Қазақстандық кәсіпкерлердің жолындағы үлкен кедергі деп нені айтар едіңіз?
Басыңызда идея  пайда болған кезде ол сіз үшін ол идея ең керемет, табыс әкелетін, теңдесіз болып көрінеді. Барлығы алақанда тұрғандай, алда қиындық болуы мүмкін еместей, кәсіпке білек сыбанып кірісіп кетесіз. Ол кәсіп милиондап кіріс кіргізетініне күмәнсіз боласыз. Ең басты проблема – бизнес ашқан соң қай бағытта жылжитыныңызды, қандай маркетинг жоспарын ұстанытыныңызды білмеуден басталады. Клиентті қалай тарту керек, нарықты қалай жаулап алу керек деген сұраққа бас қатырған жөн. Бұл өте ұзақ процесс. Егер ауқымды, сапалы жобаны қолға алған болсаңыз – іс бастаған соң екі есе артық жұмыс істеуге дайын болыңыз.


Бизнесмен ұстануға тиіс үш басты қағиданы атаңызшы?
Даму керек, Бір орында тұрып қалмау керек. Ең бастысы – мақсат, ынта және тәжірибе.