info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Карагандинская область, г.Темиртау. Такси «Арман», ИП «Иванов»

Табыстың тарихы
10.09.2018

Қарағандылық кәсіпкер 11 жылдан бері такси паркін басқарады.

Бұл бизнесті қолға алуыңызға не себеп болды?

«Арман» такси паркін ашу туралы ой алдымен әкеме келді. Осы салада қызмет еткен әкем жобаның авторы әрі жүзеге асырушысы еді. Мен бұл бизнеске клегенімде жасым жиырмада болатын. Сондықтан, бұны отбасылық бизнес деп атауға болады.

WhatsApp Image 2018-09-05 at 09.15.37.jpeg

Бизнесіңізге бәсекелестік туралы туралы айта кетіңізші?
Такси қызметін көрсететін компанияның бәсекелестері өте көп болады. Қазіргі кездегі өте жоғары бәсекелестік жағдайында кез келген таксопарк иесі өз бизнесінің мықты жағы туралы ойлана қоймайды. Біз негізінен сенім мен сапаға баса назар аударамыз Біздің жүргізушілер жұмысқа күнде таңертең медициналық тексеруден өтіп барып шығады. Сонымен қатар штатта жоғары білімді механик те бар. Ол парктен шығатын көліктің техникалық жағдайына жауап береді. Кездейсоқ жағдайлардан тек көлік пен жүргізуші ғана емес, жолаушылар да сақтандырылған. Тек осындай жағдайда ғана біздің салада сапа мен сенімге қол жеткізуге болады. Сол себепті тұрақты клиенттеріміздің қатары көбейіп келеді. Біз де оларды бонус, акциялармен қуантып қоямыз.

Екінші деңгейлі банктермен істес болған кезіңіз туралы айтып беріңізші? 
Бизнесті жүзеге асырғалы бері Қазақстан Халық Банкімен жұмыс істеп келеміз. Автопракке қосымша көлік аларда бірнеше рет несие алдық
. Біз «Даму» Қоры арқылы субсидия мен кепілдік беріп отырған мемлекеттік қолдауларға алғысымызды айтқымыз келеді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы көрсетілген бұл жеңілдіктер бизнеске кәдімгідей көмек болып отыр. Банк несиесінің мөлшерлемесін мен үнемі субсидиялап отырдым. Соның арқасында ылғи 4% ғана төлеп келем. Кепілзат жетпегендіктен Қордың кепілдігін пайдаланып тұратынмын. Биыл да Қарағанды облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету мақсатындағы өңірлік бағдарлама аясында 8,5%-дық мөлшерлемемен несиеге қол жеткіздім. 

WhatsApp Image 2018-09-05 at 09.15.38.jpeg

Идеяңызды қалай жүзеге асырдыңыз
?
Бұл бизнеске кіріскеніме 11 жыл болды. Алғашында 5 машинамыз болды, көлігі бар жүргізушілерді де тарттық. Бүгінде менің автопаркім 30 көліктен тұрады. Олардың барлығын мен біртіндеп алып отырдым. Соңғы 10 Lada Granta көлігін Қарағанды облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету мақсатындағы өңірлік бағдарлама аясында алдым. 40 шақты адамды жұмысқа алып, олар үшін тұрақты жұмыс орнын аштық.


Қазақстандық кәсіпкерлердің жолындағы ең үлкен кедергі деп нені атар едіңіз?
Менің ойымша қазір бизнес жүргізем деген адамға Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Ең үлкен кедергі – жалқаулық пен алға жылжуға деген ниеттің жоқтығы. 

Бизнесіңіздің болашағы туралы қандай ойыңыз бар? 
Біз өз бизнесімізді сүйеміз және тәулік бойы бас алмай жұмыс істейміз. Клиенттерімізді бағалаймыз, сапарын сәтті, қауіпсіз ету үшін барымызды саламыз. Осы мақсатта алға жылжи бермекпіз. Нарық бұған мүмкіндік беріп тұр. Одан әрі кеңейіп, паркті ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашпақпыз
.