info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

г. Шымкент. «Wand der Welt»

Табыстың тарихы
19.09.2018

Шымкент. «Wand der Welt»

«Ордабасы» индустриалды аумағында орналасқан Шымкенттік «Wand der Welt» компаниясы 6%-бен жеңілдікті несие алған соң өндіріс көлемін ұлғайтып, қазақстандықтарды мақта, дәке, таспа дәкемен қамтамасыз етеді.

Семен Бабешконың бизнесте тәжірибесі мол. Тұңғыш кәсібін 2011 жылы бухгалтерлік есеп-қисапты автоматтауды енгізу қызметі бойынша ашқан. Екінші бизнесі ТМД аумағы бойынша жүк тасымалы болатын. Ал 2017 жылы фармацевтикалық өнімдер шығару ісін жолға қойды.

Дәл осы медициналық мақта, дәке шығару жайлы ой Семен Николаевичтің басына аяқ асты келген жоқ. Кәсіпкер шикізат пен тауар өткізетін нарықты әбден зерделеп, бастаған ісі алға жылжитынын білген соң ғана қолға алды.

Семен Николаевич, сіз 10 жылдан бері бизнестесіз. Бар ісіңіз жемісті. Барлығын қомақты қаржысыз, ешкімнің қолдауынсыз ашқансыз. Былтыр тағы бір бағытқа түрен салып, мемлекеттік қолдауды пайдаландыңыз. «Даму» Қоры тарапынан көрсетілетін қолдау жайлы қайдан естідіңіз, істес болу барысындағы тәжірибеңізбен бөлісіңізші.

Иә, шын мәнінде, екі бизнесімді де мен өз күшіммен, жинаған қаржыммен дамыттым. Қандай іс болмасын, бастар алдында мен терең талдау жасаймын. Бағытымның дұрыс екеніне көз жеткізген соң барып қадам жасаймын. «Бір мәнісі болар» деп іс бастап кету – маған жат. Мемлекеттік қолдау бары жайлы мен ойламаған жерде естіп қалдым. Бір кездесуде отырғанда «Даму» Қоры бар екені, бизнесмендерге көмектесетіні жайлы, жеңілдікті бағдарламаларды жүзеге асырып, Банкке дейін қаржылық сүйемелдеу көрсетіні жайлы айтылды. Мен дереу мемлекеттік қолдау алу үшін келдім. Ол жерде маған ақпарат беріп, «Даму» Қорының қызметкерлері жеңілдікті несие туралы түсіндірді. Осы жерде біз мемлекеттің осы жеңілдігін пайдаланып қалуды жөн көрдік. Құжаттарды жинап, банкке бардық. Алғашқы барған банк үш айдан соң себебін түсіндірместен өтінімімізді мақұлдамайтынын айтты. Әрине, көңіліміз түсіп қалды. Бірақ «Даму» қорының қызметкерлері бізге дем беріп, «Сбербанкті» де байқап көруге кеңес берді. Дәл сол құжаттарымызды алып барғанбыз. Ең қызығы – бірден мақұлдады. Бір айдан соң айналым қаражатын арттыру үшін 6 пайыздық жеңіл несие алдық. Бүгінгі күні ШОБ үшін ең басты проблема – ақпараттың жоқтығы дер едім. Біз енді барлық таныстарымызға «Даму» Қорына бару керектігін, мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдау көрсететіні туралы айтып жүреміз.

руководитель 1.jpg

Сіздің 3 бизнесіңіз үш түрлі бағытта. Дәл осы фармацевтика бағытын таңдауыңызға не себеп болды?

Дәке шығару жайлы шешімге аяқ астынан келген жоқпын. Мен шикізат пен тауар өткізетін нарықты әбден зерделеп, бастаған іс алға жылжитынын білген соң ғана қолға алдым. Бұл кезде біз Жетісай мен Өзбек мақташыларымен жақсы әріптестік орнатқан едік. Нарықта ірі қазақстандық бір компаниядан басқа бәсекелес жоқ екенін білген соң іс бастауға ниет қылдық. Сөйтіп, содан бері осы істің соңында жүрмін. Проблема жоқ емес, бар. Оның ең күрделісі – доллар курсының тұрақсыздығы. Біз жергілікті өндірушілерден шитті мақтаны ливерпуль биржасының курсымен аламыз. Шикізаттың 90 пайызы Өзбекстаннан келеді. Себебі олардың өнім сапасы жақсы, бағасы арзан. Өз өндірушілерімізбен жұмыс істегіміз келген. Бірақ олар шикізатын Еуропаға жібереді. Әрине, жергілікті мақташылар теңгелей есеп айырысса – алар едік. Бірақ нарықтың аты – нарық. Сондықтан пайдалы жағын іздеуге мәжбүрміз. Ал өнім өткізуге – кедергі жоқ. Дегенмен, жақында жұмыс істеу күрделене түсуі де мүмкін. Мақтаны алар болсақ, қазақстандық бәсекелестерімізден қорқып отырған жоқпыз. Біздің нарыққа өзбек өндірушілері де кіріп жатыр. Егер Өзбекстан Еуразия экономикалық одағына кіретін болса менікі сияқты кәсіпорындарға қиындау тиюі мүмкін. Себебі оларда коммуналды төлемдер қымбат емес, шикізаты да арзан. Яғни, бәсеке күшейе түседі.

 производство.jpg

Сіз несиені айналым қаражаты үшін алдыңыз. Ал негізгі құралдарды өз қаражатыңызға алғансыз. Кәсіпорында қандай жабдықтар тұр?  

Әрине, ірі кәсіпорынды жолға қою үшін инвестиция керек. Біздің аз ғана өнім шығаратын (айына 5 тоннаға жуық мақта) кәсіпорынымыз қымбат құрал-жабдықты ақтамайды деп шештік. Мысалы құрал-жабдықты Қытайдан сатып алған соң, бұзылған жағдайда қытайлық шеберлерді жалдауға тура келеді. Олардың бір күндік еңбекақысы 100 доллар. Еуропада қымбат. Құрал-жабдықтың өзіндік құны тауарға үстеме болатыны тағы бар. Біздің шығынымыз да артып кетеді. Әрі ол құралды жеткізу, құрастыру, орналастыру, іске қосу да сол жабдық құнының 40-50 пайызын құрайды. Осы себептен біз басқа жолды таңдадық. Шеберлер барлық желілерді кеңес кезінен қалған станоктардан лайықтап берді. Жасайтын шеберді әрең таптық. Дәл қазір проблема осы. Құрал-жабдықтарды жөндеп берумен айналысатындардың барлығы дерлік — зейнеткерлер. Сызбаға қарап құрал жөндейтін жас техника шеберлерін табу мүмкін емес. Осы сала бойынша қаншама колледж ашылған. Шамасы бұл мамандыққа қызығушылар жоқ болса керек.

Вата 3.jpg

Болашаққа қандай жоспар құрып отырсыз? Қай саланы дамытуды көздейсіз?

Осы іспен тоқтап қалмаймыз деп ойлаймын. Кәсіп аясын кеңейтуіміз мүмкін. Мүмкін тағы бір жаңа бағытта бизнес ашармыз. Бұған жағдай жасалған. Соңғы 2-3 жылда елде бизнес ашып, дамытуға көп қолдау көрсетілетін болды. Мысалы көп құжаттар бізде Ресей мен Өзбекстанға қарағанда жылдам рәсімделеді. Әкімшілік кедергілер жыл өткен сайын азайып, мемлекет тарапынан қолдау артып келеді. Бұны байқамау мүмкін емес. Бұл үшін үшін ел басшылары алғыс айтқымыз келеді. Мысалы, менің идеямды қолға алу мен жүзеге асыру үшін бар жоғы жарты жыл кетті. Бұлай жылдам жүзеге асуы Қоры қызметкерлерінің бізді сүйемелдеп, итермелеп, кеңес беріп отыруының арқасында дер едім. Мен көптен бері бизнеспен айналысып келе жатқан тұлға ретінде кәсіптегі барлық ұйымдастыру шараларын біреу мойына алса ғой деп армандайтынмын. Қазір бұл арман емес. Шынын айтқанда, көптеген әріптестерім осындай мекеменің бар екенін, барлық құжаттар топтамасын жинап, арзан несие алуға көмектесіп, кепілдік жетпесе кепілдік беріп, шет ел мамандарынан маркетинг пен менеджмент негіздеріне тегін оқытатын мекеме бар екеніне сенбейді. Ал бұл рас әңгіме. Мен «Даму» қорына Астанаға барып, Назарбаев Университетте Англия мен Канадалық мамандардан 4 күн дәріс алғанымды мақтан етемін және ризамын. Екі жоғары білімім бар, тәжірибем мол мен бизнестегі екі қателігім бар екенін ұқтым. Сөйтіп, бұған дейін қолданбаған екі құралды қолға алдым. Марля 3.jpg

Табысты кәсіп ашу үшін не қажет деп ойлайсыз? Жетістік сырымен бөлісіңізші.

Ең бастысы ақша айналымын қадағалап отыру, екінші орындамаман таңдау. Команда дұрыс жасақталмаса бизнес алға баспайды, үшінші — дамып, алға жылжып отыру. Үнемі стартап идеяны мида пісіріп жүру керек. Егер кәсібіңіз табыс әкелмей жатса дереу іске қосуға дайын болыңыз. Ең бастысы – тоқтап қалмай, салың суға кетпеу. Бұл – нарық. Кез келген жағдайға дайын болуыңыз керек.