info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Западно-Казахстанская область, г.Уральск, компания по переработке шин "Кама-Центр"

Табыстың тарихы
28.02.2018

Көлік саны күннен күнге өсіп келе жатқан қазіргі кезде шиналарды қайта өңдеу және жою ісі барша дамыған елдер үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де экологиялық және экономикалық маңызы зор мәселе болып отыр. Себебі, тозған шиналар қоршаған ортаны ластайды, отқа жағуға болмайды, өз бетімен ыдырамайды.

Батыс Қазақстан облысында ашылған «Кама-Центр» компаниясы дәл осы мәселенің шешімін тапты. Компания Орал қаласында автокөлік шиналарын және басқа да резеңке өнімдерді қайта өңдейтін кәсіпорын ашты. 2018 жылы 27 ақпанда кәсіпорын өндіріс желісін іске қосып, таныстыру шарасын өткізді. Жобаның құны 200 млн теңгені құрады.

- «Әрине, шаруа «БанкЦентрКредит» пен «Даму» қорының қолдауымен алған несиесіз шешілмейтін еді», - дейді компанияның негізін қалаушы Валерий Голоухов. Компания өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерге «Даму-Өңдіріс» бағдарламасы бойынша несие алды. Бұл бағдарламаның артықшылығы 6%-бен жеңіл несие беретіндігінде.

«Қайта өңделген шиналардан заттарға сұраныс көп. Әрі мұндай кәсіпорын да керек. Себебі әлемдегі шиналар қорының 80%-ы жаңартылмайтын табиғи ресурс - мұнай өнімі синтетикалық каучуктан жасалған. Қалдықтарды көму, қауiпсiз сақтау және утилизациялау мақсатында өртеудің орнына оны өңдеу - эконмикалық мәні бар іс. ​Өйткені ол бағалы шикізат табиғи қорларын сақтауға ықпалын тигізіп, табиғи ресурстарды үнемдеп, аз шығынды технологиялардың дамуын ынталандырады, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартып, резеңке қалдықтар полигонына арналған ірі жер учаскелерінің көлемін азайтады» - дейді компания басшысы.