info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Объявление о проведении конкурса в г. Павлодар

Анонсы
05.02.2020

Байқау өткізу туралы хабарлама

Байқауды ұйымдастырушылар: «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ

Орналасқан жері: Павлодар қаласы;

Мекенжайы: Астана көшесі, 61;

Электронды пошта: kense.dpp@pavlodar.gov.kz;

Телефоны: 8 (7182) 78-78-19, 78-78-18, 78-78-20, 78-78-21;

Бйқау мақсаты: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқау түрі: ашық конкурс.

Байқауға қатысу үшін өтінім беретін орын: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61, 101 А каб.

Байқау құжаттарын ұсыну тәртібі: байқауға қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және байқау құжаттарының толық топтамасын ұсынады.

Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «10» ақпаннан бастап 2020 жылғы «17» ақпанға дейін қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «17» ақпанда сағат 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).  

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және байқау құжаттары тізімімен: www.dkb2020.kz,

www.upt.pavlodar.gov.kz

www.damu.kz сайтында танысуға болады.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Р/с №

Заңды тұлға

Бет саны

Р/с №

Жеке кәсіпкер

Парақ саны

1

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік көшірмесі

1

Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама көшірмесі

2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама

2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама

3

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен расталған анықтама

3

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен расталған анықтама

4

Бизнес-жоба

4

Бизнес-жоба

5

Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі

6*

Өкілге сенімхат

6*

Өкілге сенімхат

7

Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар

7

Кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар

* қажет болған жағдайда толтырылады