info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қостанайда «Еңбек» бағдарламасы бойынша жаңа СПА массаж салоны ашылды

Жаңалықтар
12.12.2018

IMG-20181122-WA0016.jpg

Раъно Парманова 6 жылдан астам уақыт бойы массаж жасаумен айналысып келеді. Осы уақыт ішінде тұрақты клиенттер жиналып, массаж жасаушының аты алысқа кетті.

IMG-20181122-WA0015.jpg

Соңғы уақытқа дейін Раъно досы жалға берген шағын бөлмеде қызмет көрсетіп келді. Уақыт өте келе Раъно қызмет түрін көбейтіп, бизнесін көлемін ұлғайту жайлы ойлана бастады. 

IMG-20181122-WA0011.jpg

Алайда, жалға алып отырған бөлме тарлық етті. Раъноның жұбайы өздерінің баспанасын салон орнына пайдалануды ұсынды. Қостанайдың орталығында орналасқан пәтердің ыңғайы салонға келіп тұр еді. 

IMG-20181122-WA0010.jpg

Тек жөндеу жұмыстарына қаржы табу ғана қалып тұр. Дәл сол кезде Раъно «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 6%-дық несие алу мүмкіндігі туралы естіді. 

IMG-20181122-WA0009.jpg

Жобаны «Нұрбанк» қолдап, өтінім тез арада қаралды. Соның арқасында биыл жазда RANO PARMANOVA салоны ашылды. 

IMG-20181122-WA0008.jpg

СПА салонда процедуралардың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: массаж және косметологиялық қызмет (классикалық емдік, нүктелік және басқа да массаж түрлері), СПА қызметі (гель, шоколад, бал, жүзім, тұз, қант скрабы), термо және крио-орау, сондай-ақ целлюлитке қарсы массаж. 

IMG-20181122-WA0005.jpg

Салондағы қызмет құны қалта көтерерлік. Біз Раъноның бизнесінің гүлденуін және клиенттерінің көп болуын тілектеспіз!

 Инстаграмм: rano_parmanova