Алматинская компания "RISMI group" начала производство портативных газовых баллончиков

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
16.05.2019

"RISMI group" портативті газ баллондар шығарады

«RISMI Group» ЖШС нарықта 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Компания портативті газ баллондар шығарады. Бұл баллондар күнделікті өмірде үнемі қолданыста болатын керек зат. Өнімді негізінен құрылыс-монтаж компаниялары, мердігерлер мен жеке тұлғалар сатып алады.

1.png 

Компания сондай-ақ әртүрлі тұрмыстық және құрылыс өнімдерін жеткізумен айналысады. Атап айтқанда: дәнекерлеу элементтері, түрлі қосымшалар үшін электродтар, сымдар, шегелер, тығыздағыштар және тағы басқа құралдар мен бұйымдар.

2.jpg

2018 жылдың қараша айында «RISMI Group» компаниясы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша 6%-дық несие алды. Қаражатты автоматты газ толтыру желісіне қажет жабдық сатып алуға жұмсады.

Бүгінде «RISMI Group» өзін сенімді компания ретінде танытты. Кәсіпорын әр клиентке жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Кәсіпорын Бөкейханов көшесі 112-үйде орналасқан.

Байланыс:

+7 (702) 505-57-55
+7 (708) 111-97-11
+7 (727) 222-22-60
+7 (727) 297-45-55
пошта: info@rismi.lz

Instagram: @rismi_group

Сайт: http://www.rismi.kz/