Мемлекеттік қолдаудың арқасында Атырау облысында балық өндірісі дамуда

Жаңалықтар
26.09.2024

Балық шаруашылығы Атырау облысының экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі. Балық өнімдерінің деликатестері Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал.

Қазір 20-дан астам табиғат қойнауын пайдаланушы компания екі ірі балық аулау су қоймасы – Каспий теңізіне құятын Жайық және Қиғаш өзенінде жұмыс істеуде.

Солардың бірі – 2001 жылы құрылған «Восток» ЖШС. Компания балық шаруашылығы бірнеше бағытты қамтиды, оның ішінде жаңа мұздатылған, ысталған, кептірілген балықты сүбелеу, өңдеу және қайта өңдеу, сондай-ақ балық етінен консервілер, сүбе, тартылған ет және т.б. сияқты өнімдер жасау бар.

Соңғы кезде «Восток» ЖШС өндіріс қуатын арттырып, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құруда. Нәтижесінде, қолданысқа берілген қайта өңдеу цехында маусымына шамамен 30 адам жұмыс істейді.

Тұрақтылық пен серіктестікті нығайту мақсатында компания балық өнімдерінің ассортиментін – торта балық (вобла), қылыш балық (чехонь), ақтабан (лещ), ақмарқа (жерех) және т.б. – жаңа мұздатылған күйде Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан елдеріне экспорттай бастады.

«Восток» ЖШС компаниясының айналым қаражатын толықтыру жобасын «Банк Центр Кредит» мақұлдаа 19,75% мөлшерлемемен несие берді. Оның 10,75%-ын мемлекет «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында субсидиялайды, ал қалған 9% айырмасын кәсіпкер өзі төлейді.

Мекенжайы: Атырау. Ферма көшесі, 12

+7 701 452 04 74