ТОО «Семспецснаб» - надежный оплот легкой промышленности Казахстана

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
13.08.2019

«Семспецснаб» ЖШС - Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің сенімді қорғаны

«Семспецснаб» ЖШС - Қазақстандағы орта бизнестің жарқын өкілі. Компания Қазақстан қорғаныс күштерінің 90 пайызын өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. 1997 жылы осы атау берілгенмен, компанияның тарихы әлдеқайда терең.

   СемейспецСнаб6.jpg

- Біздің компания әйгілі «Большевичка» ЖШС мирасқоры. Мен бір кездері осы кәсіпорында еңбек жолымды бастағанмын. Инженерден басшыға дейін өстім. Киім өндіру желісіндегі әрбір кезеңді білем. Сондықтан да кәсіпорынның дәл қазіргі сәттегі барлық қажеттіліктерін бағалай аламын, жоспарлы өзгерістер аясындағы кездесуі мүмкін тәуекелдерді болжай аламын, - дейді «Семспецснаб» ЖШС директоры Ахметова Айнұр Қабдылқызы.

 «Большевичкадан» Семспецснабқа білікті кадрлар мен құрал-жабдықтар мұраға қалды. Егер күн өткен сайын кадрлар құны арта берсе, жабдықтар ескіре түседі. Осы жағдайда компания басшылығы таразылай келе несие тартуға бел буды. 2017-2018 жылдары компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Цеснабанк» АҚ (қазір «First Heartland Jýsan Bank» АҚ) арқылы "Өндіріс" мемлекеттік бағдарламасы аясында, жалпы сомасы 380 000 миллион теңгені 6%-бен алды. Оған құрал-жабдықты жаңартып, айналым қаражатын толықтырды.

СемейспецСнаб8.jpg⁠ 

Қаражатқа ерлер жейделерін шығаратын заманауи желі, бизнестің жаңа бағытын ашуға мүмкіндік беретін трикотаж шығару жабдығы, «конструктордың жұмыс орны» атты «Грация» автоматты жобалау жүйесі сатып алынды.

– Иә, қарыз – әрқашан тәуекелге бел буу. Бірақ бір орында тұрып қалу – одан да қауіпті. Тапсырыс беруші жыл сайын талапшыл болып келеді. Сондықтан да бірнеше кабинеттерді алып жатқан ескі, пішіндермен жұмыс істей алмадық. Сатып алған жабдығымыз кәсіпорында көптеген өндірістік процестерді жеңілдетуге және жеделдетуге, шығарылатын өнім түрін көбейтуге көмектесті, - дейді Айнұр Қабдылқызы.

2016 жылы компания 1 700 шаршы метр жерді алып жатқан 3 қабатты жеке өндірістік ғимараттың құрылысын аяқтады. Кәсіпорында қоймалар, асхана бар. Жүк көліктері шикізат пен дайын өнім жеткізсе, 2 автобус жұмыскерлерді тасиды. Штатта 300 адам бар. Қазір компания өнімнің 40-тан астам түрін шығарады. Олардың ішінде жазғы, қысқы және маусымдық арнайы киімдерінің барлық түрі бар. Кәсіпорында толық циклды тері өндірісі де бар.

 - Бұрын біз қысқы киімге арналған жаға мен бас киімдерге шикізатты сатып алатынбыз. Кейін өзіміз тері илеп, дайындай алатынымызды түсіндік. Осылайша біз бизнестің тағы бір бағытын аштық. Ол – тері өндірісі болатын, - деп нақтылады Айнұр Қабдылқызы.

Кәсіпорынның «Жасампаз» консорциумына мүшелігі компанияның қазіргі даму стратегиясына айтардықтай әсері бар. Бұл ұйым қазір Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің 57 кәсіпорынының басын қосқан және елдің жеңіл өнеркәсібі кластерін құру, осы салада толық импорт алмастыруды жүзеге асыруға қызмет етеді.

Компания заман көшінен қалмай дамып келеді. Басшылық бұл жолдағы жетістіктерімен бөлісуге қуана келісті

«Семспецснаб» ЖШС басшылығынан лайфхактар:

  1.           Импорт алмастыру бағытындағы нарықты үнемі зерттеу. Нарық жылдам өзгеріп, дамып отырады. Бүгінде біз, мысалы, Қазақстанның аяқ киім кәсіпорындарына жеткізу үшін ІҚМ терісін өңдеу үшін былғары цехын аштық. Маркетинг зерттеуін жүргізіп, бұл салада бәсеке жоқ екенін түсіндік. Барлығы өнімді Ресейден алдырады, ал бізде шикізат жеткілікті. Мал шаруашылығы өңірлерде өте дамыған.

  1.            Кадрлардың біліктілігін арттырудан үнемдемеу керек. «Конструктордың жұмыс орнын» сатып аларда біз Мәскеу компаниясымен келісім-шарт жасадық. Олар біздің мамандарымызды жаңа жабдықта жұмыс істеуге үйретіп қана қоймай, 3 жыл бойы осы жобаны сүйемелдейтін болды. Егер бұрын жаңа модельді іске қосуға 1-2 ай кететін болса, бүгінде 10-15 күн. Айырмашылық бар ма?

  1.           Жастармен жұмыс істеу. Жаңа ұрпақ өте икемді, нарықтың үнемі өзгеріп отыратынын жастар жылдам сезеді. Сонымен қатар жаңа идеялар қажет. Сондықтан біз Семей қаласының бизнес және сервис колледжімен белсенді жұмыс істейміз. Диплом қорғау кезінде көзге түскен мамандарды алып кетеміз.

 

Компанияның мекенжайы: Семей қаласы, Семей-Алматы трассасы, Шымкент көшесі 73, тел: 8 (7222) 30-97-07