Как открыть успешный барбершоп: своими успехами делятся предприниматели Арман и Татьяна

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
14.08.2019

Кәсіби маманның кеңестері

ИП Акылбеков фото 4.jpeg

Barbershop. Соңғы бірнеше жылда бұл сөз халықтың аузына жиі ілінетін болды. Ерлерге арналған шаштараз, ерлерге арналған өзіндік клуб. Мұнда тәжірибелі шебердің қызметін пайдалануға болады және кезек күтіп отырғанда іш пыспас үшін қызықты әңгімеге тартып, ойын ойнауға да шақырады. Barbershop – неғұрлым көп адамның шашын қырқуға тырысатын шаштараз орны емес. Мұнда нағыз жігіттер жиналып, әңгіме-дүкен құрып, сәнденіп кетеді. Ақылбеков Арман Амангелдіұлы және Карпенко Татьяна дәл осындай салон ашпақ болды.

 1. лайфхак: «Нарық жаңалықтарын қадағалаңыз және оларды жоғары деңгейде енгіз»;

Алғашқы Barbershop-ты Арман және Татьяна Петропавл қаласында ашты. Бұл идея қаланың азаматтарына қатты ұнады. Салондағы өз ісінің шеберлерінің арқасында Арман қала жұртшылығының ықыласына тез бөленді. Кейіннен Арман және Татьяна дәл осындай салонды Көкшетау қаласында ашуға тырысты.

2. лайфхак: «Жаңа аймақтарды қамти отырып, дами бер, кеңейте бер, "немесе " мүмкін емес ештеңе жоқ»

«Keen Razor» барбершопын ашу үшін қаржы керек болған кезде Сбербанк АҚ ЕБ-ге жүгінді. Банк «Даму» Қорымен бірлесіп Арманға және Татьянаға «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 6%-бен 5 000 000 теңге несие берді. «Даму» Қоры 4 250 000 теңгеге ішінара кепілдік берді, Бұл - қарыздың жалпы сомасының 85% құрайды. Несие алу үшін Арман және Татьяна  банкке 850 000 теңге көлемінде депозит салған.

3. «Әрбір клиентке жеке көзқарас және ерекше назар»

Сөйтіп, 2019 жылы маусым айында Көкшетау қаласында «Keen Razor» атты Barbershop ашылды. Арман және Татьяна өзінің салонында әр клиентке жеке көңіл бөліп, өзіндік келбетін қалыптастыруда сапалы қызмет көрсетеді. Ұжымға тек кәсіби шеберлерді қабылдайды. Барбершоптқа кіргеннен нағыз ер азаматтардың атмосферасын сезінуге болады. Мұнда «әкесі+ұлы» атты бірегей қызмет те көресетіледі. Яғни кішкентай ұл азамат болып, өзінің түр-сымбатын күтуді әкесіне еліктеп ерте бастан үйренеді. Біз Арман және Татьяна мен оның барбершопына табыс тілейміз!

ИП Акылбеков фото 6.jpeg

ЖК А.А Акылбеков @keenrazor_kokshetau – инстаграм. Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Сагдиев көшесі, 59 үй, тел. 8-701-532-7129.