Актюбинское предприятие производит губки для всей страны под брендом «Айзере»

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
16.09.2019

«Айзере» брендті айрықша тауар

Мұнай саласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін Айтжан Ұзақпаев осыдан төрт жыл бұрын супермаркет аралап жүргенде көзі ыдыс жуатын жөкелерге түседі. Сөредегі барлық өнім біздің елге Ресей, Беларуссия, Қытай мен Украинадан келеді екен.

Осыны ойына түйіп алған Айтжан іздестіре келе мұндай өнім Қазақстанда шықпайтынын анықтады.

«Нарық пен өндіріс технологиясын зерттей келе ол осы салада өз бизнесімді ашуды ұйғардым. Достарымнан «Даму» Қоры жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге жақсы көмектеседі деп естідім», - дейді Айтжан.

WhatsApp Image 2019-09-13 at 17.28.22.jpeg

Жас жігіт «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын пайдалануға шешім қабылдады. Сұратқан қаржы 9,4 млн теңге. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 14 пайызбен берілген несие мөлшерлемесінің 7 пайызы субсидияланды. Айтжан несие аларда кепілзаты жеткіліксіз болды. Сондықтан қор 1,5 миллион теңгеге жуық кепілдік ұсынды.


«Узакпаев А.М.» ЖК тіркелгелі бері 2 жыл өтті. Содан бері шаруасы шалқайған емес. Шетелдік өндірушілерімен қатар, Орал мен Алматыда да осындай өндіріс ашылғанына қарамастан, табысы азайған жоқ.

WhatsApp Image 2019-09-11 at 09.45.04.jpeg

Ай сайын «Айзере» брендті ыдыс жууға арналған 5 мыңнан астам жөке шығаады. Өнімдер Ақтөбе, Астана базарларына және супермаркеттер желісіне жеткізіледі.


Айтжан Мәжитұлы бизнесті дамытудағы өз құпиясымен бөлісті:

1. Тауарды барынша жақсартып, үнемі жетілдіріп отырыңыз.


2. Ризашылықты ұмытпаңыз. Менің жұмысымды бағалай білу - мені бизнестегі ең қиын сәттерде алға жылжуға итермеледі. Мен сәттілікке жетсем немесе серіктестігіммен бірге пайдаға кенелсем ризашылығымды білдірем. Риза болған адам ынталы болмауы мүмкін емес.


3. Ешқашан аянып қалмаңыз. Менің барлық жақсы жетістіктерім сәтсіздіктерден кейін келді. Сондықтан мен әр сәтсіздікті жақсы мүмкіндік ретінде қарастыруға үйрендім. Егер сіз сәтсіздіктерге назар аудармасаңыз, оның артында жақсы нәрсе бар екенін көресіз. Бұл мені ынталандыратын сенім. Мен өзімді аямауды үйрендім.