В Акмолинской области поддержан медицинский центр «Centre Esthetic»

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
09.10.2019

«Centre Esthetic». Клиентке қамқорлық және кәсібилік

«Centre Esthetic» орталығы 2018 жылдың наурыз айында Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 38 мекенжайында ашылды. Негізінен стоматология (балалар және ересектер), терапия, педиатрия, гинекология, ультрадыбыстық зерттеулер, косметология (аппараттық және инвазивті) қызметтерін көрсетеді. Кәсіпкермен қатар медициналық орталықта тағы 18 қызметкер жұмыс істейді.

ТОО Centre Esthetic фото 1.jpg

Тұтынушылар мен пациенттер сұранысы артуына байланысты компания басшысы Әсел Нұрғазықызы өздері жалдап отырған тұрғын-жайды сатып алып, қосымша құрал жабдықтар алуға бел буды.

1. ТОО Centre Esthetic фото предпринимателя.jpg

2019 жылдың қазан айында «Centre Esthetic» ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 5 жылға 6%-бен және Өңірлік бағдарлама арқылы 8,5%-бен жеңіл пайызды несиелерге қол жеткізді.

Бұл қаржы қызмет аясын кеңейтуге және жекеменшік тұрғын-жайға ие болуға мүмкіндік берді.

Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 38.

Телефон: 8 771 666 6654.

Инстаграмм аккаунт @centre.esthetic