info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Әр үйге тазалық сыйлаймыз

Жаңалықтар
05.12.2019

Савельева Екатерина Алексеевна Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылында іс бастаған кәсіпкер.

IMG-20191203-WA0021.jpg 

2018 жылдың желтоқсанынан бастап жалға алынған ғимаратта кілем, төсеніштер мен қалың төсек жапқыш, жамылғы, көрпе-жастық және басқа да заттар жуып, тазалау бойынша қызмет көрсетеді. Көлік те жуады.

IMG-20191203-WA0011.jpg 

2019 жылдың тамыз айында Екатерина кілем жууға арналған қосымша жабдықтар және оны жеткізуге арналған автокөлік сатып алуға несие алмақ болды.

IMG-20191203-WA0009.jpg 

Қазан айында «Банк ЦентрКредит» АҚ «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында 14%-бен 60 айға 12 000 000 теңге несиені мақұлдады. Даму Қоры 8 200 000 теңгеге кепіл болды.

 

Бір айдан соң Екатерина автокөлік пен автоматты қағу, ауа кептіргіш, автоматты конвейер машинасы мен центрифуга сатып алды. Бұл - көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жылдамдығын жақсартуға мүмкіндік берді.

Инстаграмм аккаунт: @chistkapodushek_balkashino

Мекенжай: Ақмола обл, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 7. Телефон: 8 7712 648 140.