info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Өскемен қаласында «Avantgard-metall» ЖШС мемлекеттік қолдаудың көмегімен дамуда

Жаңалықтар
25.05.2020

«Avantgard-metall» ЖШС 2011 жылдан бері дайын металл бұйымдарын сатумен айналысады. 2 жыл ішінде өз қаражатына тауар сақтайтын цех ғимараты мен клиенттерге тауарларды жеткізу, тиеу/түсіру қызметіне қажеті манипулятор, көлемді тауарларды жеткізетін 2 жүк көлігін сатып алды.

Компания бизнесін үнемі дамытып отырады, 2013 жылдың аяғында жаңа бағытқа бет бұрып, дайын металл бұйымдарын шығара бастады. Ол үшін металл кесуге және өңдеуге арналған заманауи жабдықтар сатып алды. 2014 жылдың маусымынан бастап несие алып, ғимараттың үстінен екінші қабат салып, коммерциялық жылжымайтын мүлік алаңын кеңейту туралы шешім қабылдады. 2015 жылдан бастап компания әр түрлі мақсаттағы 250-ден астам дайын бұйымдар бар (тұрмыстық заттар, үй декоры, сыртқы элементтер, жиһаз, құралдар, бақша құралдары және т.б.) көрме залын ашты. Онда «Авангард-Металл» ЖШС жасайтын кез-келген күрделі бұйым түрлері қойылған.

Өндірісті дамыту үшін кәсіпкер «Нұрбанк» АҚ арқылы 14,25%-бен айналым қаражатын толықтыруға 50 млн теңге несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында мемлекет несиенің 40%-ын субсидиялады. «Даму» Қоры кепілдік берді.

Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Гвардейская көшесі, 4/1,

тел. +7 776 404 08 40, +7 776 101 08 10.

Сайт: avangard-metall.kz

e-mail: avangard-metall@mail.ru