info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Алакөлдің жағалауы дамып келеді

Жаңалықтар
29.06.2020

Алакөл – Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының аумағында жатқан, әдемі, әрі бойына химиялық кестенің барлық элементтерін жинаған ғажайып көл.

Бұл туралы «Балауса» балабақшасы мен Алакөлдің жағалауында орналасқан «Атлантида» демалыс орнының иесі Өмірханова Зәуреш жақсы біледі. Балалармен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Зәуреш Ғалымқызы жыл сайынғы демалыс ата-аналар үшін ғана емес, бала үшін де маңызды екенін айтады.

IMG-20200625-WA0038.jpg

«Бізге келушілердің көпшілігі Алакөлде демалған соң балалары жиі тұмауратып ауырмайтынын байқағанын айтады. Әсіресе минералға бай көлге шомылып, шунгитті тастақ жағалауында қыздырыну жас өскіннің дамуына жағымды әсер етеді», - дейді Зәуреш Ғалымқызы.

«Атлантида» демалыс базасы 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Люкс және VIP нөмірлері бар екі қабатты жайлы корпусты ұсынады. 30 адамды бірден қабылдай алады. Ішкі туризмнің танымалдығы жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып, Өмірханова Зәуреш Ғалымқызы қосымша қонақ үй ғимаратын салып, «Атлантида» аумағын кеңейтпек болды.

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпкер 2019 жылдың қазан айында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 15%-бен несие алды. Оның 9%-ын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялайды. Зәуреш қарызын қалған 6% мөлшерлемемен өтейді.

Қаражат қолына тиген кезде кәсіпкер үш қонақ үй корпусы мен қызметкерлерге арналған қосымша ғимарат салып алды. 13 маусымнан бастап Алакөлдегі демалыс маусымы ресми түрде ашылды!

Мекенжайы: Шығыс-Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, Алакөл жағалауы, №512

Байланыс: 8 775 433 37 39

Instagram: @atlantida.alakol