info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Бейнеу ауданында «Turan_Stom стоматологиялық кабинеті жұмыс істеуде

Жаңалықтар
30.06.2020

Айман Издибаева кәсіпкер атанғалы үш жыл болды. Туған ауылында стоматологиялық қызметке сұраныс жоғары екенін байқаған кезде Айман жеке кабинет ашуға бел буған.

Қазір клиника емдеу, тіс жұлу, протездеу сияқты көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Негізгі тұтынушылары: ірі мекемелер, шағын және орта кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар. Бейнеу ауылының тұрғындары стоматологиялық кабинет ашылғанда қатты қуанды. Бұрын тісі ауырғандар облыс орталығына шапқылайтын. Қазір көмекті ауылдан шықпай-ақ алады. Кәсіпкер қызмет ауқымын кеңейтуді жоспарлауда.

«Пациент риза болу үшін қолайлы бағада сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, қызмет түрлерін де кеңейтіп отыру қажет", - дейді стоматологиялық клиника жетекшісі Айман Издибаева.

Кәсіпкер стоматологиялық кабинетке жабдықтар сатып алу керек болғанда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы аймақтық «Нұр-Капитал» бағдарламасы аясында 60 айға 8,5%-бен несие алды. Бағдарлама тәртібі бойынша оның 7,5%-ы жергілікті бюджет есебінен субсидияланады. Осылайша кәсіпкер несиені бар-жоғы 1%-бен төлейді. Кепілдік жетпеген кезде «Даму» Қоры мемлекеттік кепілдік берді.

Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауд., Бейнеу а., Қалдығараев к-сі, 72/1 ғимарат.

Тел: +7 747 456 20 46

Instagram: @turan_stom