info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Су - тіршілік, сұлулық пен денсаулықтың қайнар көзі

Жаңалықтар
23.10.2020

Қала тұрғындарын арзан бағада таза ауыз сумен қамтамасыз ету «Прогресс-Север» ҚК басшысы Бибігүл Шамшуменованың арманы болатын. Оған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының арқасында қол жеткізді.

Бір күні кешке Бибігүл күйеуімен бірге интернет қарап отырып, ауыз суды тазартуға арналған құрылғы туралы жарнаманы көрді. Сипаттамаларын оқып, артықшылықтарын зерттей келе, өз қаражатына 1 құрылғы сатып алып көруді шешті. Бір ай өткен соң жұртқа ұнағанын көріп, біліп, әрі пайдалы іс екенін сезген соң су тазартқыш құрылғының тағы төртеуін сатып алуға бел буды.

Артық қаражат болмағандықтан, «АТФБанк» АҚ арқылы несие алмақ болды. «Еңбек» бағдарламасы аясында небәрі алты пайыздық қарыз алды.

Қазір «Прогресс-Север» СК қарасты 5 құрылғы бар. Олардың барлығы қаланың тұрғындары көп аудандарына орнатылған және үлкен сұранысқа ие. Бақында Бибігүл құрылғылар санын көбейтуді жоспарлап отыр. Ал «Даму» қоры олардың жаңа бастаған бизнесін дамытуға сенімді серіктес болады.

СҚО, Петропавл, Жұмабаев 95, 71-пәтер.

+7/705/199-66-77