info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жамбыл облысында жаңа футбол алаңы ашылды

Жаңалықтар
30.10.2020

«Меруерт» ЖК басшысы Жасинбекова Меруерт Әлібекқызы 2015 жылдан бері кәсіпкер. Сол жылы жинаған қаражатына Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында «Береке» атты дүкені бар дәріхана салған. Мамандығы фармацевт болғандықтан дәріхана тізгінін өзі алды, әрі бір сатушы-фармацевтке жұмыс берді. Ал дүкенмен жұбайы айналысты.

Биыл Меруерт Әлібекқызы жаңа жобаны жүзеге асыру үшін «Даму» қорына жүгінді. Бұл жолы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл ауылына футбол алаңын салуды көздеген еді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 14%-бен 10 млн теңге берді. Ал «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиені ішінара субсидиялап, несие жүгін азайтты.

Жобаның Байзақ ауданы үшін әлеуметтік маңызы жоғары. Өйткені бұл ауылда ойын алаңы мүлдем жоқ. Жаңа футбол алаңы мектеп жасындағы балаларға жаттықтырушымен футбол үйреніп, ойнауға мол мүмкіндік болды. Тек Бурылдықтар ғана емес мұнда жақын маңдағы Мырзатай, Сенкібай, Көктал ауылдарынан де келіп, бос уақыттарын пайдалы етіп өткізе алады. Бұған қосымша кәсіпкер футбол жарыстарын өткізу үшін футбол алаңын жалға берумен де айналысады.

Мекенжайы: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл ауылы, Ағыбай 28/1

Тел.: 8 777 207 21 34