info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Discovery Borovoe аквапаркінде мәңгі жаз

Жаңалықтар
30.10.2020

Бурабайдағы Discovery Borovoe шипажайы аумағында жабық аквапарк салынды. Мұнда балаларға да ересектерге ермек табылады. Биіктігі бес және жеті метрлік 8 тік төбешік, 3 бассейн, 3 джакузи, сарқырама мен субұрқақтары бар балалар аймағы, орыс моншасы, шунгит-шөп моншасы, тұз моншасы, хаммам, Шарко душы бар.

Шипажай Бурабай курорты табиғи аймағында, Қатаркөл көлін жағалай өскен қалың қарағай арасында орналасқан. Шипажайында субалшықпен емдеу орны, медициналық блок, СПА-орталық жұмыс істейді.

Discovery Borovoe - таза ауа, мөлдір су, дәмді тағам мен шипалы ем. Демалыстың басты артықшылығы - аквапарк, күніне үш рет тамақтану, жоғары жылдамдықты интернеті бар коворкинг, арқан паркі және троллейбус, беседкалары бар барбекю алаңдары, 1200 шаршы метрлік үлкен балалар ойын алаңы, көше ойын алаңы, Sony PlayStation 4 және жабық шатыр жолдама құнына кіреді. Күн сайын ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, тәттілер таратылады.

Discovery Borovoe шипажайын 2011 жылы жалға алған «Орленок» ЖШС биыл қаңтар айында спорттық базаға арналған жабдықтарды жөндеуге және сатып алуға, аквапарк үшін жабдықтар сатып алуға «Қазақстан Халық банкінен» 7 жылға жыл мерзімге 400 млн теңгені 13,5%-бен алды. «Даму» Қоры «БЖК 2025 бірінші бағыты аясында 6,75% мөлшерінде субсидиялаған. 2020 жылдың қыркүйек айында Даму Қоры несиені «БЖК 2025» шарттарына ауыстырды. Енді компания несиені 6%-бен төлейді, 7,5%-дық айырмасы Даму Қорының мойнында.

Мекенжайы: Бурабай шипажайы, Қатаркөлдің солтүстік жағалауы

Инстаграмм: @discovery_borovoe

Тел. 8 707 537 37 37