info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Tamos – құндылықтар биігінде

Жаңалықтар
23.11.2020

Еліміз тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардың басындағы күрделі экономикалық жағдайға қарамастан Қазақстанда Tamos атты жаңа білім беру бренді қалыптасты. Алдымен Алматыда ағылшын тілін үйрететін тұңғыш курстардың бірі еді. Ағылшын тілін үйренуге деген сұраныстың артуы көп ұзамай орталық санын арттыруға түрткі болды. Ал 1998 жылы ашылған алғашқы физика-математика мектебі Tamos білім беру брендінің флагманына айналды десе де болады.

Жылдан-жылға Tamos мектебі оқушылары саны өсіп отырды. Бұл – мектептің инфрақұрылымы мен материалды-техникалық базасының өсуіне әрі жақсаруына әсер етті. Сондай-ақ оқу сапасы мен саласы да дамыды. Шет елден жоғары білікті оқытушылар шақырылды, балабақшалар ашылып, ағылшын тіліндегі ғылыми-гуманитарлық сектор ашылды. 2000 жыл Қазақстан үшін азаматтардың әл-ауқатының күрт жақсарып, бала туу саны артқаны есте. Сәйкесінше, сапалы жеке білімге деген сұраныс та 2010 жылдардың басына қарай күрт артты. Tamos жобасы дамуындағы екінші үлкен қадам – тау бөктеріндегі «Нұр-Алатау» ықшамауданында жаңа мектеп кампусының ашылуы болды.

2.jpg 

«Әрі қарай кеңейсек деген жоспарымызға орай, 2019 жылы ел астанасында жаңа мектеп ашу туралы шешім қабылдадық. Ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан ғарыш мектебі идея бойынша Нұр-Сұлтандағы алғашқы Tamos мектебі ғана емес, сонымен қатар елдегі ең заманауи оқу орнына айналады», - деді бас директор Хангелді Каупынбаев.

Жаңа мектептің құрылысына мол қаржы қажет болғандықтан, бас директор Хангелді Каупынбаев бастаған Tamos ғарыш мектебінің менеджмент тобы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына мемлекеттік қолдау алуға өтініш білдірді. 

«Қазір Tamos ғарыш мектебі «Нұрбанк» арқылы қомақты несие алып, «Даму» қорының қолдауымен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады. Соның арқасында біз несие мөлшерлемесін жылына 6%-ға дейін төмендеттік. Сонымен қатар «БЖК 2025» бағдарламасы мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несиеге Қордың кепілдігін пайдаландық», - деді Tamos ғарыш мектебінің бас директоры.
Жаңа мектептің ашылуы 2021 жылға жоспарланған, ал өтінім бергісі келетіндер ата-аналар үйлестірушіге +7 705 111 11 81 телефоны арқылы хабарласа алады.

Сайт: tamos-education.kz