info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қызылордада «Monte Carlo» атты ТҚС ашылды

Жаңалықтар
20.11.2020

«As-Service Group» ЖШС 2019 жылы Қызылорда қаласында автокөлікке қызмет көрсету орталығын ашу үшін құрылған. Яғни кәсіпкердің тұңғыш жобасы. Директоры Шомаева Айжан Кульчимановна.

Сол жылы станция құрылысын аяқтап, жабдықтар сатып алу үшін «As-Service Group» ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 6%-бен несие алды.

Қазір автоорталық көлік жуу, химиямен тазалау, детейлинг және авто детальдарын пленкамен жабу сияқты бірқатар қызметтерді ұсынады. Сондай-ақ клиенттер қызметті онлайн брондап, көлігін онлайн бақылай алады.

Кәсіпкердің байланыстары: 8 702 777 32 07, 8 702 617 49 75

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Панфилов көшесі, 35-құрылыс.