info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Кокше-Мебель»

Жаңалықтар
23.11.2020

«Көкше-Мебель» компаниясы - Ақмола облысындағы жиһаз өндіретін жетекші фирмалардың бірі. Өндірісте жоғары сапалы және экологиялық таза материалдар қолданылады. Ресей, Италия және неміс жабдықтары қойылған. Барлық сертификаты бар. Өнім түрі 100-ден асады.

Фото_ИП Сактаганов А.Ж..JPG

Компанияның негізін қалаған Сақтағанов Әмір Жанғабылұлы тоқсаныншы жылдары жиһаз шығаратын цехта жұмыс істеген. Кәсіпті меңгеріп алған соң үйіндегі гаражда таныс-туыстарынан тапсырыс алып жиһазды өзі жасай бастады. Ал 2009 жылы ЖК ашып, үй-жай жалдып, екі адамды жұмысқа алды.

2016 жылы мемлекеттің жеңілдікті бағдарламалары туралы естіген соң «Сақтағанов А.Ж» ЖК «Даму-Өндіріс» бағдарламасы аясында «Forte Bank» АҚ арқылы 6%-дық несие алып, жиһаз цехы мен қоймаға база сатып алды. «Даму» қоры «БЖК-2020» бағдарламасы аясында кепіл болды. 2019 жылдың қараша айында «Сақтағанов А.Ж» ЖК «Forte Bank» АҚд арқылы жабдық сатып алып, айналым қаражатын толықтыру үшін 15%-бен 70 млн теңге несие алды. «Даму» Қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несиенің 9%-ын субсидиялады. Енді кәсіпорын несиені 6%-бен төлейді.

Фото_ИП Сактаганов_5.jpeg

«Көкше-жиһаз» өнімдерін Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Щучинск, Ақкөл, Атбасар, Степногорск қалаларындағы меншікті жиһаз салондарынан алуға болады. 90 адам жұмыспен қамтылған.

Көкшетау, Горветка, 24 ғимарат

Тел. 8(7162) 335852, 8 700 533 5852

Инстаграм: @kokshe_mebel