info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Талдықорғандық жас кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен өз ісін ашты

Жаңалықтар
25.11.2020

Көп адам бизнес ашып, жобасын жүзеге асырарда тиімді, жеңілдікті шарттармен қаржы табу туралы ойлана бастайды. Бұл мәселені Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары шешеді.

Талдықорғандық Салтанат Сарманова да мемлекет ұсынып отырған бағдарламаны пайдалануға шешім қабылдады. Ол – мастер-лэшмейкер, яғни кірпік ұзартып, сәндеуші. Ол Талдықорғандағы салондарда бірнеше жыл жұмыс істеп, өзінің тұрақты клиенттерін жинаған. Тәжибе жинаған соң өзі жеке жұмыс істеуге шешім қабылдап, 2019 жылдың шілде айында SkyStudio жеке кәсіпкерлік нысанын тіркеді. Ал 2019 жылдың желтоқсан айында Салтанат өзінің SkyStudio сұлулық салонын ашты. Бұған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының арқасында қол жеткізді.

Салтанат бағдарлама бойынша «Сбербанктан» жылына 6%-бен 16 млн теңге несие алды. Оған «Даму» Қорының несие сомасының 60%-ына кепіл болуы көмектесті. Қаражатты кәсіпкер салонда жөндеу жүргізіп, жабдықтар мен қажет материалдар сатып алуға жұмсады.

Қазір SkyStudio салоны өз клиенттерінің әдемі, сәнді, сенімді сезінуіне көмектесіп қана қоймай, лэшмейкерлікке де үйретеді.

+7 777 329 39 99

Instagram: sky_studio_tdk

Алматы облысы, Талдықорған, Н.Назарбаев 137. 38-пәтер.