info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қажеттіліктен туындаған бизнес

Жаңалықтар
26.11.2020

«Авто-Парус» ЖШС – жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсететін кәсіпорын. Кешен құрамына: қосалқы бөлшектер сататын дүкен, дөңгелектерді құрастыру, автокөлік жуу, техникалық қызмет көрсету станциясы кіреді.

Директор Алена Хренованың айтуынша, компания жұмысын әу баста жүк тасымалдаудан бастаған. Қазір 12 ұзын тіркемелі көлігі бар паркке айналды. Бірақ жұмыс істейтін барлық дүние бұзылуға бейім. Қосалқы бөлшектерді жақын және алыс шетелден тапсырыс беріп алу керек. Осылайша, 2015 жылы ауыр машиналарға арналған жеке автокөлік бөлшектерін сататын дүкен ашу идеясы туындады.

Кәсіпті дамыта келе, қосалқы бөлшектерді сатудан бастап оларды салып беруге дейінгі циклдан тұратын ТҚКС ашу туралы идея келді. Барлық қажетті қаржыны есептеп, Алена «Нұрбанк» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алды. Субсидияның арқасында несиенің сыйақы мөлшерлемесі жылына 6% құрайды. «Даму» қоры мұнымен қатар кепілдік те берді.

Осылайша, 2019 жылы Auto-Parus жүк көліктеріне арналған барлық қызмет түрлерін ұсына бастады.

СҚО, Петропавл қаласы, Перминовтар көшесі, 73.

+7/7152/31-07-69; +7/771/135-67-67.

Instagram: @gruzovoi_avtorazbor_petro