info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Еңбек» бағдарламасы кәсіпкерге сұлулық салоны ғимаратын сатып алуға көмектесті

Жаңалықтар
29.12.2020

Мирная Светлана Александровна он жылдан бері шаштараз болып жұмыс істеп келеді. 2009 жылы жұбайы Александр екеуі «Николь» шаштаразын ашқан. Осы жылдар аралығында Светлана өз ісіне адал және шебер команда жинады, клиенттері көбейді.

2020 жылы бизнесті кеңейтетін уақыт келді.

«Биылғы жылғы пандемия қиындықтарына қарамастан, жұбайым екеуміз ақылдаса келіп, сұлулық салонына жеке үй-жай сатып алуды шештік. Оның үстіне несие бойынша мөлшерлеме – алты пайыз болып тұр. Тамыз айында «Нұрбанкке» несие алуға өтініш бердік, ал қыркүйек айында үлкен үй-жай сатып алу үшін несиеге қол жеткіздік. «Даму» қоры көп көмектесті. Біздің салада бәсекелестік күшті, бірақ біз өз күшімізге, салонымыздағы шеберлерге сенеміз. Қосымша жұмыс орындарын құрамыз»,-дейді Светлана.

Жоба «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қолдау тапты.

Павлодар қаласы, Естай көшесі 141

+7 777 934 93 68

@salon_nikol_pvl