Бірге өсіп келеміз

Жаңалықтар
06.05.2021

2012 жылы Петропавлда мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға орналастыру өте өзекті проблема болатын. Бұл жағдай   барлық өңірде де бар еді. Ерлі-зайыпты Балдырған мен Раушан Ильясовтаросыны ескере отырып бір жоба ойластырды. Педагог ретіндегі мол тәжірибе, балалармен жұмыс істеуге деген ықылас сол идеяны жүзеге асыруға мұрындық болды.

Осы жылдар ішінде кәсіпкерлер штатты 8 қызметкерден 79-ға дейін көбейтті. Қазір Петропавлда қаланың әр ауданында олардың үш балабақшасы бар. Оның екеуі кәсіпорын меншігінде. Барлық бақша заманауи жиһаз, жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балалардың жалпы саны 30-дан 215-ке дейін өсті. Тәжірибелі жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Спорт клубтары, каратэ секциясы, хореографиялық-музыкалық студия, ағылшын тілі үйірмесі ұйымдастырылып, биылғы оқу жылында мектепалды даярлық топтары ашылды.

Кәсіпкерлер кеңею кезінде және одан әрі де мемлекет қолдауы болмаса, қысқа мерзімде мұндай нәтижеге жеткізе алмас едік деп есептейді. Компания бірнеше рет «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында банктің мөлшерлемесін субсидиялап, Қордың кепілдігін алған.

СҚО, Петропавл қаласы, Садовый 2

+7 7152 37-78-12

Insagram: @balarman2