Перде – үйдің сәні, кәсіпкердің табыс көзі

Жаңалықтар
06.05.2021

«Үй» деген сөзі естіген адамның көз алды, көңіл түкпіріне жайлы, тыныш өмір мен, жылу шашқан ошақ басы, алаңсыз көңіл-күй елес беретіні айқын. Сондықтан шаңырақта әдемі интерьер құру өте маңызды. Оның маңызды факторларының бірі – дұрыс перде. Олар бөлмені күн сәулесінен қорғап қана қоймай, бөлмеге көрік беріп те тұрады. Кейде қарапайым адамға перде түсі, матасы, үйлесімдігін таңдау оңай болмайтыны бар. Әрі бөлмеге толық сәйкес келетін дизайн жасау керек. Оралдағы «Вуаля» перде салонында жұмыс істейтін мамандар бұл шаруаның бәрін өз мойнына алады.

8.jpg

Перделер салонының негізін қалаушы, оралдық кәсіпкер Наталья Сергеевна Богданова өз ісін қарапайым тігіншіліктен бастаған жан. Бастапқыда Наталья үйде отырып перде тігіп, таныс-достарына сатып, жарнама сайттарына хабарландыру беретін. Риза болған клиенттері таратқан ұзынқұлақтың арқасында қала тұрғындары эксклюзивті дизайн перделерді қол жетімді бағамен жасай алатын тігінші туралы тез білді. Сұраныстың артуы, тапсырыстың көбеюі Натальяны перде тігіп, кейін сатуға арналған арнайы ғимаратты жалға алу туралы шешім қабылдауға мәжбүр етті. Кәсіпкер тігін жабдықтарын сатып алып, жұмысшылар жалдады, оларға перде жасау өнерінің барлық қыр-сырын өзі үйретті.

«Уақыт өте келе жалдап отырған үй сатылатын болды. Мен жалдау ақысының өсуі немесе осы ғимаратты жоғалтып алуым мүмкін екенін ескеріп, салонды сатып алу қажет деп шештім. Өз қаражатыма ғимарат сатып алу мүмкін емес, себебі ақшаның көп бөлігі айналымда. Шығар жолды тез таптым. Мен «Даму» қорына қолдау сұрап жүгіндім және «ВТБ Банк» АҚ ЕБ арқылы 14%-бен несие алдым, оның 8%-ын «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор субсидиялайды», - дейді риза болған кәсіпкер.

10.jpg

Наталья Богданова мемлекеттік қолдаудың арқасында өзінің талайдан бергі арманы – жекеменшік перде салонына ие болды.

Мекенжайы: БҚО, Орал қ.,Cеверо-Восток-2 ш.а., 15а.

Instagram: @shtori_salon_vualyа

Телефон: +7‒777‒988‒17‒90