Маңғыстау облысында «Даму» қорының қолдауымен ағылшын тілі мектебі дамуда

Жаңалықтар
06.05.2021

Ағылшын тілі - бұл, ең алдымен, бүкіл әлем бойынша қарым-қатынас пен қозғалыс еркіндігі, ағылшын тілінде еркін сөйлей отырып, сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңіздің әлеуетін кеңейте аласыз. 

Екіншіден, бұл әрдайым интеллектуал және кәсіби өсу мен дамуды ынталандырады. 

Жаңаөзендегі «English Club» ағылшын тілі мектебі - ағылшын тілі арқылы біріккен пікірлестер қауымдастығы. Мектеп сегіз жылдан бері уақыт жұмыс істеп келеді және қазіргі кезде 4 филиалы бар. Мектепте жетекші қазақстандық жоғары оқу орындары түлектері, халықаралық сертификат иегерлері, мемлекеттік университеттерде, колледждерде және мектептерде тәжірибесі бар білікті оқытушылар жұмыс істейді. 

2018 жылы компанияға ағылшын тілі мектебінің қызметін кеңейту үшін қаражат қажет болды. Кәсіпкер Ақтау қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14,5% мөлшерлемемен несие алды. Оның 8,5%-ын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Даму» Қоры субсидиялады. 

Жаңа жоба аясында 5 адам жұмыспен қамтылды. 

+7 (702) 979 72 90

Маңғыстау обл., Жаңаөзен қаласы, «Көктем» ш/а, №19, №2-ғимарат.

Инстаграм: studymania.ozen