«Дамумен» бірге дамып келе жатқан компания

Жаңалықтар
13.05.2021

Құрғақ құрылыс қоспалары үй-жай, ғимараттар құрылысы мен жөндеу жұмыстары кезінде кеңінен қолданылады. Нарықта бұл өнімнің түрлері өте көп. Импортпен қатар қазақстандық тауарлар да жетіп артылады. Отандық өнімнің сырттанк елетін қоспалардан еш кемдігі жоқ. Заманауи кәсіби технологиялармен жабдықталған кәсіпорындарда жасалған өнімдер бәсекеге қабілетті екенін әлдеқашан мойындатып қойған.

image-11-05-21-10-39-1.jpeg

Сондай жергілікті өндірушілердің бірі – 2019 жылы құрылған «DarMix» ЖШС. Компания тұрмыстық және өнеркәсіптік құрылыс саласында кеңінен қолданылатын құрғақ құрылыс қоспаларын шығарады.

Снимок.PNG

Әдетте өндірісте цемент, құм және басқа шикізаттарды уақытында жеткізу қажет. Ол үшін заманауи көлік қажет. Компания жаңа КамАЗ көлігін сатып аларда несие алу үшін екінші деңгейлі банкке жүгінді.

«DarMix» ЖШС-нің инвестиция жөніндегі жобасын Атырау қаласындағы «Банк ЦентрКредит» АҚ қолдаа, жылына 17,5%-бен несие берді. Оның 11,5% «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялайды, ал 6%-ын компания төлейді. Сондай-ақ, «Даму» Қоры несие құнының 85%-ына кепілдік берді.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында «DarMix» компаниясы шикізат материалдарын тасымалдау мәселесін шешті. Бұл – құрылыс қоспаларын өндіру көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді»,-дейді кәсіпорын басшысы Ким Олег.

Атырау қаласы, Ақжайық ш/а, Памир к-сі, 4А.                                  

тел: 8 (701) -710-6464

инстаграм: @darmix_atyrau