Алматыда мектепке дейінгі мекемелердің саны артып келеді

Жаңалықтар
13.05.2021

Баланы балабақшаға орналастыру қаншалықты қиын екенін қазіргі ата-аналардың бәрі біледі. Ал орын табылғанмен, ыңғайлы және қауіпсіз балабақша болуы тағы алаңдататыны жасырын емес. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері жетіспейтін қазіргі кезде балабақша ашқысы келген кәсіпкердің әрекетін мемлекет те, ата-аналар да құптайды.

Алматы қаласының тұрғыны, кәсіпкер Ұлдар Еділоваға бүгінде «Айша» балабақшасында білім алып жатқан 165 баланы ата-анасы сеніп тапсырған.

«Айша» балабақшасы 2014 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеп келеді. Мұндағы барлық іс-шара кешенді түрде өтеді. Сәбилер таңертеңгі гимнастика және дене шынықтыру сабағынан соң білім алуға кіріседі. Ұжым әр күнді жарқын және есте қаларлықтай етуге тырысады.

2020 жылы компания директоры Ұлдар Еділова «АТФ Банк» АҚ арқылы балабақша ғимаратын сатып алуға және жөндеуге 14%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры оның 8%-ын субсидиялайды. Кәсіпкер несиені қалған 6%-бен төлейді. Сондай-ақ Қор кепілдік жетіспейтін сомаға кепіл болды.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, ш / а. Теректі, 4 үй

Тел: + 7 701 141 46 96

E-mail: uldar.edilova.60@mail.ru