info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«QazAlPack» – Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыт

Жаңалықтар
01.06.2022

«QazAlPack» ЖШС – Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағында 2019 жылдан бері сусындарға арналған алюминий банкалар шығарып келе жатқан кәсіпорын. 2020 жылдан бері аумақта өндіріс-қойма кешенін де салып жатыр.

Алюминий банкалар мен сусындарға арналған қақпақ түрлерін шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз зауыт. Жылына 750 миллион жиынтық өнім шығаруға қуаты жетеді. Осындай жабдықты өндіруде әлемдік көшбасшы саналатын «Stolle Machinery» (АҚШ) компаниясының ең заманауи технологиясы қолданылады.

Сусындарға арналған бұл ыдыс түрі басқа шикізаттан жасалған қаптамалармен салыстырғанда экологиялық жағынан таза болып саналады.

Көлемі 22 000 шаршы метрді алып жатқан алып зауытта 13 өндірістік операция мен сапаны бақылау жүйесінен тұратын 800 м ұзындықтағы желі бар.

2020 жылы компания «Халық банкінен» алюминий банкаларын шығаратын зауытты іске қосу үшін 15% пайыздық мөлшерлемемен несие алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Қор оның 9 пайызын субсидиялайды. Осылайша, кәсіпкер қарызды жылына 6%-бен ғана өтейді.

Зауытта толық автоматтандырылған жүйелер мен өлшеу құралдарын қолданылады. Соның арқасында өндіріс желісінің жылдамдығы секундына 50 банка немесе минутына 3000 қақпақ шығаруға мүмкіндік бар.

2021 жылы негізгі өндірістік құрал-жабдықтар келді. Енді сатуға өнімдер 2022 жылдың шілде айында шығарыла бастайды деп жоспарланған.

Мекенжайы: Шымкент қ., Қапал Батыр көш., «Онтүстік» индустриалдық аймақ, 130.

Телефон: +7 7252 43-92-05,     info@alpac.kz