info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» Қорының Қызылорда облыстық филиалы 2017 жылды қорытындылады

Жаңалықтар
18.01.2018

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы 2017 жылдың  «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының жүзеге асуы көрсеткіштерін қорытындылады. Жыл кезеңінде «Кепілдендіру» бағыты бойынша 72 жобаға қолдау көрсетіліп, кепілдендірілген жалпы сома 732 млн.теңгені құрады. Ал несиенің үстеме пайызын төмендетуге 140 кәсіпкер қол жеткізді және субсидияланған несие сомасы 7 016 млн. теңге болып отыр. 2017 жылы «Даму Сырдария» аймақтық бағдарлама аясында 47 кәсіпкерге 8,5% жеңілдікпен 1 163 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Өткен жылдың тамыз айынан бері Қызылорда облысында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама аясында 8 кәсіпкерлер ерекше талаппен, яғни жылына 6 пайызбен микронесие алды. Қарыздың жалпы сомасы 92 млн. теңгені құрады. Кепілдік жетпеген жағдайда бағдарлама аясында Қордың кепілдемесін алуға мүмкіндік бар. Бұл мүмкіндікті 4 кәсіпкер пайдаланды.     Қызылорда облысының кәсіпкерлері 2017 жылы белсенді түрде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қаржылай емес қолдау түрлеріне жүгінді. Жыл ішінде 3900 адам, оның ішінде – шағын және орта бизнес өкілдері кеңестік көмек алып, бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқыту мен дөңгелек үстелдер және семинарларға қатысты.  2017 жылы 152 жоба екінші деңгейлі банктен несие алу барысында сүйемелдеу қызметін пайдаланып, жыл кезеңінде аталған жобалар қаржылай көмекке ие болды.  Бастауыш және әлеуетті кәсіпкерлер тарапынан оқыту бағдарламаларына белсенді қызығушылық байқалып, «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламасы бойынша барлығы 108 адам оқудан өтті. Шағын және орта бизнес басшыларының біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында «Назарбаев Университеті» АҚ бизнестің жоғары мектебі базасында  15 әрекет етуші кәсіпкерлер оқудан өтті.  «Даму-Көмек» және «Жұлдыздарға қара» жобалары аясында 47 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек

көрсетілді.