Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізі

Жаңалықтар
04.10.2022

Өсімдік шаруашылығы – дүние жүзіндегі азық-түліктің көп бөлігін қамтамасыз ететін сала. Тіпті тоқыма, химия, фармакология, жиһаз, құрылыс және басқа да бағыттарда шикізат ұсына алады. Абай облысының тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Мал азығын өндіруші және тыңайтқыш тұтынушы ірі өңір.

«Коростелевское» ЖШС 1994 жылдан бастап егін және мал шаруашылығымен айналысады. Серіктестікке тиесілі жер көлемі 40 000 га, оның ішінде: 14 843,4 га – егістік, 21 964,40 га – жайылым, 1 733 га – шабындық. Кәсіпорынның астық өндірісінде 31 адам жұмыс істейді. Барлық ауылшаруашылық техникасы бар, астық сақтайтын қоймалар мен мал базасы сай.

Ескірген жабдықтарды жаңарту қажет болғанда компания басшылығы қарыз алу үшін «Қазақстан Халық банкіне» жүгіну туралы шешім қабылдады. Несие «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттык жоба» аясында «Даму» Қоры арқылы субсидияланып, мөлшерлемесі жылына 6 пайызға дейін төмендеді. Жетпеген кепіл сомасына «Даму» Қоры кепілдік те берді.

«Қазір «Коростелевское» ЖШС жоспарларын жүзеге асырып, Қазақстанның өсімдік шаруашылығын дамытуға үлес қосуды жалғастырып жатыр. Халықтың негізгі азық-түлік өнімдері, жеңіл өнеркәсіптің шикізатқа деген күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етуде», - дейді ЖШС басшысы Ертаев Ерлан Әбілғазыұлы.

+7 777 997 59 97

Абай облысы, Бородулихина ауданы, Коростели ауылы, Бакинский көшесі, 13