«QAISARMED» ауыл клиникасының табыс сыры

Жаңалықтар
05.10.2022

«QAISARMED» клиникасы өз қызметін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының «Басқұдық» ауылында 2021 жылы бастаған. Бұған дейін ауыл тұрғындары диагностика жасап, емделу үшін облыс орталығы — Ақтау қаласының клиникаларына жүгінетін. «QAISARMED» клиникасының ашылуымен ауыл тұрғындары алысқа ұзамай тексерілуге мүмкіндік алды.

«QAISARMED» ЖШС басшысы Жүнебаева Дамегүл Олегқызы дәл диагностика жасап, сапалы емдеу үшін жаңа заманауи аппараттар қажет екенін жақсы түсінеді. Сондықтан клиниканың қызметін кеңейту үшін соңғы үлгідегі жабдықтар сатып алмақ болды.

Кәсіпкер несие алу үшін «Сбербанктің» Ақтау қаласындағы филиалына жүгінді. Кәсіпкердің жобасын қолдаған банк қарызды 60 айға 15%-бен бөлді. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор несиенің 9%-ын субсидиялады. Кәсіпкер тек 6%-ын төлейді.

Соның арқасында Басқұдық ауылындағы клиника жаңа құрылғылармен жабдықталды. Атап айтқанда:

Отоларингологиялық комбайн. Маманның кабинетіндегі жеке құралдардың орнына бірыңғай модульдік ЛОР қондырғысы келді. Осы тәсілдің арқасында дәрігерге жұмыс кезінде қажет болуы мүмкін барлық құрал қолында. Бұл – әртүрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу өнімділігін қамтамасыз етеді;

  • Электрокардиограф. Бұл жүректі зерттеу әдісі кардиологиялық диагностиканың ең кең таралған және ажырамас әдістерінің бірі болып қала береді. Әлі де дамып, жетілдірілуде;

  • УДЗ жүйесі. Ультрадыбыстық зерттеу – ауруды ерте анықтайтын нақты процедура. Сонымен қатар ультрадыбыс мүлдем ауыртпайтын және денсаулыққа қауіпсіз әдіс;

  • Электрохирургиялық аппараттар. Электрохирургиялық аппараттар жарақатсыз хирургиялық манипуляциялар жүргізу үшін құрылған. Операцияның қауіпсіздігіне биологиялық тіндерді электродпен қыздыру арқылы қол жеткізіледі, ол арқылы электрлік немесе радиожиілік энергиясы беріледі;

  • Оттегі концентраторы — адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларын қамтамасыз ету үшін бөлмедегі ауадан 1-10 литр таза оттегін өндіруге қабілетті аппарат. Ол жүрекке, тамырларға және тыныс алу органдарына байланысты ауыр ауруларға оттегі терапиясын жүргізу үшін қолданылады.

Жанабаева Дамегүл Олегқызы жақсы жағдай, заманауи жабдық, мінсіз қызмет ауыл клиникасын табысты, ал бизнесті тиімді ететініне сенімді. Сондықтан «QAISARMED» ЖШС жаңа медициналық жабдықтарды үнемі алып отыруды көздейді. Заманауи медициналық техниканы қолданудың арқасында емдеу ұйымының беделі артып келеді. Бұл – жаңа клиенттер тартуға, медициналық қызмет көрсету саласын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық а., Маржан көшесі, 3/3.

Телефон: +7 777 81 21 67 50

Инстаграмм: @Qaisar_med

эл.пошта: Qaisarmed@mail.ru