Дені саудың жаны сау

Жаңалықтар
05.10.2022

Ақтөбе қаласында «Шипалы аяла» атты сауықтыру шипажай кешені ашылды. Негізгі бағыты – бальнеология қызметтерін ұсыну.

Денсаулық пен сұлулыққа арналған түрлі емдеу бөлмелері қонақтарды қарсы алуға дайын. Ең бастысы, мұндай жағымды демалыс – иммунитетті нығайтады. Бальнеотерапия түрлері: емдік балшық пайдаланатын әртүрлі ванналар, қылқан жапырақтармен булау, гидромассаж, минерал сумен емдеу процедуралары жатады.

80 адамдық шипажай жайлы демалыс және тұрмыстық аймақ, тұз шахтасы, спорт залы, массаж және физиотерапия кабинеттерімен жасақталған.

Орналасқан жері де өте ыңғайлы. Автокөлік жүрмейтін жолдар, шусыз, тынық ауа. Сондықтан қонақтар мұнда кеудесін кере тыныстап, күнделікті күйбең тірліктен демала алады.

Кешенге қажет құрал-жабдықтар алу керек болғанда Жамансарина Болғанай Табылдықызы Ақтөбедегі «Даму» қорының» филиалына жүгінді. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында қолдау тапты. Яғни, «Банк ЦентрКредит» АҚ несие мөлшерлемесі 14 пайызды құрағанмен, оның 6 пайызын ғана кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» қоры субсидиялайды. Сондай-ақ жобаны сәтті жүзеге асыру үшін Қор несие сомасының 22%-ына кепілдік берді.

Instagram: @ Shipaly_ayala

Телефондары: + 7 701 264 06 12

Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтобе қаласы, Акжар-2 көшесі, 5Б ғимарат