«ASEM» ғылыми-өндірістік бірлестігі – бұл заманауи жабдық, инновациялық технологиялар, жоғары сапалы шикізат, оңтайлы логистика және кәсіби кадрлардан құралған команда.
«ASEM» ҒӨБ өнімдері денсаулық сақтау мекемелерінде жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған тиімді және қауіпсіз құралдардан тұрады.
Атап айтқанда: түрлі заттар мен жабдықтарды сүртуге арналған әмбебап дезинфекциялық құралдар, құрамында хлор бар препараттар, антисептиктер, тері күтіміне арналған құралдар, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдар шығарады.
Компания композитті құрамдар, ең соңғы заманауи биоцидтік заттар, сондай-ақ жоғары тиімді функционалдық қоспаларды пайдаланады. Соның арқасында тиімді, қауіпсіз, үнемді , барлық талаптарға сай жоғары сапалы дезинфекциялық құралдар өндіруге мүмкіндік бар.
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания 2022 жылы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-тан инвестициялық мақсатқа жылына 19,5%-бен қаражат алып, оның 14,5%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялады.
Мекенжайы: Шымкент қ., Қапал батыр көш., «Өндірістік» аймағы, 116/2 ғим.
Телефон: +7 7252 78 98 18