Жұмыста да, үйде де біз бір командамыз

Жаңалықтар
29.12.2022

«Алтын бесік» балабақшасы мен үшін балам сияқты: оны бәрі жақсы көреді, ол өсіп, дамып келеді. Жолдасым екеуміз кәсібімізді бастағанда бір ғана балабақша болса, қазір үш үлкен толыққанды балабақшаға жетіп, сәтті жұмыс істеп тұр. 20 жыл ішінде біз көп нәрсе жасадық, бірақ алғашқы түлектеріміз балабақшадан шыққанда қуанғанымыз есімде. Бүгін де біз нарық тынысынан хабардар болып отырамыз, білім беру процестерін дамытамыз, өзімізді жетілдіреміз – конференция, семинарлар, әртүрлі елдерге оқуға барамыз, озық тәжірибелерді зерттейміз, жаңа білім беру дағдыларын қалыптастырамыз»,- дейді кәсіпкер Кәмила Дастанова.

Кәмила күйеуі екеуі 30 жылдан астам уақыттан бері бірге, барлық жобаға тізе қосып кіріседі. Отбасылық кешкі ас кезінде үйдегі шаруалар талқыға түссе, таңғы ас іскерлік кездесу форматында өтеді. Үйде де, бизнесте де міндеттер барлығына тең бөлінген. Көмек қажет кезде барлығы бөліп алады.

Мемлекеттің қолдауының арқасында «Балалар академиясы» деп аталатын екінші балабақша іске қосылды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы кәсіпкер 14 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 60 миллион теңге несие алған. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор 8 пайызын субсидиялап, қолдау көрсетті.

Балабақшада негізгі білім беру және тәрбие ісімен қатар, гимнастика, таэквондо, ұзартылған күн тобы секілді қосымша үйірмелер мен шығармашылық топтар жұмыс істейді.

Инстаграм: @kidsacademy2022

Адрес: Алматы, Өтеген батыр көшесі, 122

Байланыс телефондары: +7 777 224 94 08