Барлық жерде сұранысқа ие бизнес түрі

Жаңалықтар
23.12.2022

Азық-түлік дүкендері – әрдайым және кез келген жерде сұранысқа ие бизнес түрі. Жас кәсіпкер Патошкин Иванның СҚО Булаево қаласында азық-түлік дүкені бар. Бұл қызметпен ол 2021 жылдан бері айналысып келеді.

Екінші дүкенді сатып алуға несие керек болғанда Иван «Қазақстан Халық Банкіне» жүгінді. Бұл жобаны «Даму» Қоры «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында қолдап, нәтижесінде банк сыйақы мөлшерлемесін 6%-ға түсіріп субсидиялады. Кепілдік жетпеген кезде Қор қарыз сомасының 85% мөлшеріне кепіл болды. Нәтижесінде Иван несиені кепілсіз алды.

Бүгінгі таңда дүкенде жаңа өнімдердің кең түрі толып тұр . Қазір Булаево қаласындағы табысты дүкендердің бірі саналады.

СҚО, М.Жұмабаев ауданы, Юбилейный көшесі

Телефон: +7 7153120677; +7 7712113600