Ұзақпаев Айтжан Мәжитұлы 2017 жылдан бері кәсіпкер. «Ай-Зере» брендімен тұрмыста қажет губкалар шығаратын өндірісті жолға қойған. Негізінен ыдыс-аяқ пен үй-жай жууға арналған губкалар, вискоза майлықтар және дене ысатын жөкелер шығарады.
Ыдыс-аяққа арналған губканы үй шаруашылығында таптырмас нәрсе деуге болады. Әдетте, өндіріс материалы көбік резеңке немесе микрофибра сияқты материал болып келедңі. Губканың өзі көптеген функционалды мақсаттарға ие және тазалықты сақтауға және жуғыш сұйықтықтарды үнемді пайдалануға өте ыңғайлы.
Ыдыс-аяққа арналған губкаларды жасау – өте кең технологиялық процесс. Сапалы өндірістік жабдық таңдау өнімге әсер ететін және сатып алушылар мен бәсекелестер алдында артықшылық беретін маңызды фактор. Ұзақпаев Айтжан бұл іске байыпты қарады, таңдау нарықта бар ұсыныстарды талдау негізінде жасалды.
- Сервистің жоғары деңгейі клиенттерде жабдықтың жұмысын тұрақты мониторингтеу.
- Жоғары сапалы жабдықұа басымдық берілді.
Өнімнің тұтынушылары қала тұрғындары, сондай-ақ бүкіл облыс тұрғындары.
Кәсіпкер бірнеше рет «Даму» Қоры АҚ Ақтөбе филиалына қолдау алды. Несие қаражаты өндіріске үй-жай сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалатын. Соңғы рет «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында қолдау алып, «First Heartland Jusan Bank» АҚ берген 21%-дық несиені кәсіпкер 6%-бен төлейді, айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.
«Мен мұнымен тоқтап қалмаймын, болашақта өндіріс сапасын жоғалтпай өнімді көбейтуді жоспарлаймын», - дейді кәсіпкер.
Instagram: @aizerecom
Телефон: +7 705 225 09 70