Тістің саулығы – күлімсірегенде ғана керек сұлулық емес. Ол – адамның өзіне деген сенімі және денсаулығының бастауы.
Нұрлан Өмірғалиұлы дәрігер-стоматолог. 2007 жылы Семей медицина академиясын бітірген. Содан бері сүйікті ісі әрі пайдалы кәсіппен айналысып келеді. Нұрлан да басқа білікті мамандар секілді өз клиникасын ашуды армандады. Сол идеяныңі нәтижесінде 2022 жылы шілде айында «DN DENT» ЖШС құрылды.
Стоматологияға қажет үй-жай мен жабдықтар сатып алу үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға өтінім берді. «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиенің пайызын «Даму» қоры субсидия есебінен жылына 6%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ, жетпеген кепіл орнына «Даму» қоры ішінара кепілдік те ұсынды.
Қазіргі уақытта барлық жоспарлары жүзеге асты. Стоматология толық көлемде жұмыс істейді. Клиникада негізгі басымдық ортодонтикалық емдеу, пластинка қою, брекеттер салу, минивинт, тіс түзулігі патологияларын түзету, миофункционалдық емдеу, плазмолифтинг, және имплант қоюға беріледі. Барлық қажетті жабдықтар бар.
«Даму» қорына біздің арманымыздың жүзеге асып, шындыққа айналғаны үшін алғысымды білдіремін. Тиімді шарттармен несие алғанымызға өте қуаныштымын.. Бизнес бастарда қорықпау керек, алға ұмтылу керек, мемлекет көмектеседі. Армандарыныз орындалсын,- дейді Нұрлан Өмірғалиұлы.
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Түрксіб 30 көшесі, 1 үй.
Телефон: +7 701 104 00 05
Инстаграм: @stomatology.dn.dent