«Файиз» ЖШС 2018 жылы құрылған. Басшысы Фаррух Рахматуллаев – бірінші санатты дәрігер, хирург-эндоскопист, сонымен қатар УДЗ қызметкері. 2008 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітіріп, 2009 жылға дейін хирургия интернатурасын аяқтады.
Жезқазған қаласында УДЗ-ФГДС мамандары жетіспейтін. «Файиз» ЖШС директорына денсаулық сақтау саласында бизнес бастау, нақтырақ айтсақ - УДЗ қызметтерін көрсету идеясы осыны білген соң келді.
2018 жылы өзінің коммерциялық үй-жайын қайта жасақтап, жеке медициналық кабинет ретінде ашу үшін Фаррух Рахматуллаев мемлекеттік билік органдарында тиісті лицензия беру рәсімдерінен өту үшін қажетті құжаттар жинай бастады.
Құжаттарды дайын болғанда УДЗ аппаратына қажеттілікті қаражат алу үшін «Банк ЦентрКредитке» жүгінді. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алып, Қордың субсидиясымен мөлшерлемесін 7%-ға дейін төмендетті.
2020 жылы мемлекеттің қолдауынан кейін, әлеуетін кеңейте отырып, компания өз қаражатына қымбат ФГДС аппаратын сатып алды.
Риза болған пациенттер көп. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі және Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытқаны үшін «Файиз» ЖШС рейтинг қорытындысы бойынша «Денсаулық сақтау мақтанышы 2022» атағымен марапатталды. Онда компания Қарағанды облысының үздік бес кәсіпорны арасында көшбасшы болды.
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 125 үй
тел.: +77754409669