Атырау облысында «ONEkz» өндірістік компаниясы 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бастапқыда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында конкурсқа қатысып, 2 млн теңге грант ұтып алғанының арқасында өндірісті одан әрі кеңейтуге мүмкіндік алды.
Қазір кәсіпорын құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы және жеке қажеттіліктерге арналған қорғаныш тент, брезент, термометр, шатыр жасаумен айналысады.
– «Компанияның басты мақсаты – тұтынушыға сапалы бренд пен бәсекеге қабілетті бағада өнім ұсыну. Біздің артықшылығымыз – менеджерден бастап жабдық орнатушыға дейінгі жұмыс жоғары сапалы және үйлесімді етіп атқарылатындығында. Заманауи технологиялар қолданамыз және мінсіз сапаға кепілдік береміз»,-дейді кәсіпорын басшысы Әділ Төлебай.
Жабдықтарды сатып алу қажет болғанда «ONEkz» ЖК жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мақұлдап, несие берді. «Ұлттық кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жобасы» бағдарламасының 1-бағыты аясында кәсіпкер қарызын 6% ғана төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Компания өндіріс тізімін кеңейтуді жалғастыруда. Қазір ГАЗель, ірі жүк көліктеріне арналған тенттер, жабдық тыстарын, мейрамханаларға арналған қалқа, жаппа, қолшатырлар шығарады. ПВХ тенттерін пайдалана отырып ангарлар жабу және жөндеу жұмыстары мен т.б. қызметтер ұсынады.
Алдағы уақытта «ONEkz» компаниясы спорт залдарға арналған құрал-жабдықтар (татами, қабырға қорғаныштары мен соққыға арналған қаптар және т.б.) шығаруды жоспарлап отыр.
Мекенжайы: Атырау қ. Латифа Хамиди 23А
Тел: +7 778 566 5001
Email: tentatyrau@gmail.com
Instagram: @Tent_atyrau