Жылдарға жететін жиһаз

Жаңалықтар
05.01.2023

«Medinet» ЖШС алғашқы бизнесі 2016 жылдан бастап шағын цехта медициналық жиһаз құрастырудан басталды. Бастапқыда жұмысшылар тартып, жиһаз жинаушылармен жұмыс істеді. Ал кесетін құрал болмағандықтан, профиль кесетін компаниялардың қызметіне жүгінді.

Компания басшысы – Нұргүл Боранбаева шығармашылыққа жақын адам. Өзі медицина саласында жұмыс істей жүріп кабинетке арналған жиһаздарды үнемі қиялында суреттеп, құрастырып жүретін. Сөйтіп, алдымен медициналық, содан кейін тұрмысқа арналған шкафтар шығару идеясы пайда болды.

Уақыт өте келе компанияның тапсырыстары артып, банктен несие алып, мөлшерлемесін «Даму» Қорының қолдауымен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялады. Соның арқасында компания станоктар сатып алды.

Станоктарды сатып алғанда, басшы жиһаздың жаңа модельдерін жасай бастады, ал станоктар керемет жұмыс жасады, бұл жұмыс көлемінің, жұмыс қабілеттілігінің және жиһаз шығару жылдамдығының артуына әкелді.

Дұрыс құрастырудағы өнімдердің жоғары беріктігі - ұзақтықтың кепілі!

Қарағанды қ., Комунальная көш., 19/2

+7 (705) 587-88-22

Mebel4U.kz

@mebel_zakaz_krg