Өскемен қаласында «Марат-М» ЖШС жаңа автобустар сатып алды

Жаңалықтар
11.01.2023

Халықты автобуспен тасымалдау – жалпы жолаушылар тасымалдау саласындағы жетекші орындардың бірі. Жыл өткен сайын бұл тасымалдардың үлесі артып, қалаларда үйреншікті болып кеткені сондай, біз олар жайлы автобус кешігіп қалғанда немесе жол жүру ақысы өскен кезде ғана ойлаймыз. Таң бозынан түнге дейін автобустар бағытынан жаңылмайды. Қызмет көрсетудің бұл саласы проблемалы болған кездер ұмытылды.

«Марат-М» ЖШС 1996 жылы ақпанда жолаушыларды қалалық маршруттарда және қала маңындағы маршруттарда автобустармен тасымалдау үшін Мусин Әли Думанайұлы құрған.

2022 жылғы маусымда компания «First Heartland Jusan Bank»-тен жылына 19%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қоры оның 13%-ын субсидиялайды, 6%-ын кәсіпкердің өзі төлейді. Қор сондай-ақ кепілдік ұсынды.

Компания бұл қаржыға әр түрлі маркалы 32 автобус сатып алды. Оларды жаңа бағыттар мен тасымал санын көбейту үшін қолданыстағы бағыттарға бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл – халыққа қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне шығып, жолаушылар тасымалының сапасы мен уақтылығын арттыруға, қызмет көрсету мен жөндеу шығындарын азайтуға, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына мүмкіндік береді.

Армандаудан қорықпаңыз. «Даму» Қорының бағдарламаларымен кез келген арман шындыққа айналады!

+7 705 135 87 29

ШҚО, Өскемен қаласы, Полтавская, 78.