«Блок Питания» асханалар желісін 2012 жылы Денис пен Янина Клименко құрған. Бірінші күннен бастап компания тұтыншылардың көңілінен шығатын адал көзқарас арқылы тұрақты бизнес болуына назар аударды. Өйткені өзі сапалы әрі аса қымбат емес тамақ табу оңай емес. Өйткені, сапа мен баға қоғамдық тамақтану жұмысында шешуші рөл атқарады.
2018 жылы компания басшылығы тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде «Блок Питания» тауар таңбасын ресми тіркеді және оларға тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен оған билік етудің айрықша құқығын алды.
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында халық бұл мекемеге тек дәмді тамақ ішуге ғана емес, сонымен қатар балалардың ойын бөлмесіндегі қуанышын көріп, отбасымен бірер шыныаяқ сусын ішіп уақыт өткізу үшін де бара алады.
Балалар ойын алаңы, ана мен бала бөлмесі, сыпайы қызметкерлер, өнімдердің мол ассортименті, жаңа піскен тәттілер, жайлы және заманауи интерьер-келушілердің жайлы және жағымды уақыт өткізу үшін бәрі бар.
Компанияның негізгі үш қағидасы бар:
- Тамақ дәмді болуы керек.
- Тамақ қымбат болмауы керек.
- Тамақ қауіпсіз болуы керек.
«Блок питания» асханалар желісі жыл сайын өсіп келеді, осылайша қосымша жұмыс орындарын құрып қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің сапасын, қолжетімділігін және сервисін жақсартады.
Әрбір кәсіпкер бизнестің дамуы мен кеңеюі үшін оған жабдықты жаңарту, аумақты кеңейту, есепті автоматтандыру және т.б. арқылы жүйелі түрде инвестициялау қажет екенін біледі.
Жабдықтарды жаңарту үшін «Блок питания» асханалар желісі «Қазақстан Халық Банкінен» «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында портфельдік субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша қосымша қаржыландыру үшін жүгінді. «Даму» Қоры қарыз сомасының 85% мөлшерінде кепілдік және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынды. Субсидияның арқасында компания 21,5%-дық несиені 6%-бен төлейді. Айырмасын мемлекет субсидиялайды.
«Блок питания» асханалар желісінің басшылығы өз тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттің «Даму» Қоры атынан шағын және орта бизнесті дамыту үшін айтарлықтай қаржылық қолдау көрсететінін, бұл – көрсетілетін қызметтердің сапасына және тұтастай алғанда компанияның қызметіне өте қолайлы әсер етеді деп батыл айта алады. «Блок питания» асханалар желісі өзінің сервисін, көрсетілетін қызметтердің ассортименті мен сапасын жақсартуды жалғастыратын болады.
Көкшетау қаласы, Калинин көшесі, 5-үй,
Абай көшесі, 173-үй,
Әуезов көшесі, 226-үй,
Назарбаев даңғылы, 16B
+7 705 808 9728, +7 705 808 9847, +7 747 819 8176
Instagram: @blok_pitaniya_kokshe