«ЛОР clinic» – заманауи құралдармен жабдықталған вестибулярлық аппарат патологиясына диагностика жасау, емдеу және оңалтатын Қазақстандағы жалғыз орталық.
Лор-дәрігер, отоневролог, ЛОР clinic» емханасының директоры Жакенова Сайра Сахипкерейқызы еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Бастапқыда операция бөлімшесінде санитар ретінде қызмет етті. Кейін «Мейіргер ісі» факультетін үздік бітіріп, операция бөлімінде мейірбике болып жұмыс істеді. Медицина университетіне оқуға түсті, аудандық ауруханаға орналасты, сол жерде жұмысының қыр-сырын меңгере бастады.
«ҚР Президентінiң Іс Басқармасы Медициналық орталығының емханасында жұмыс істей жүріп, «басым айналды» шағым айтып келетін науқастарды көп кездестірдім. Мен бұл мәселемен тек невропатологтар айналысады деген пікірде болдым. Бірақ шағымдарын зерттей келе проблема ЛОР органдарда екенін түсіндім. Менің отоневрологиядағы оқуым осылай басталды», – дейді «ЛОР clinic» ЖШС емханасының меңгерушісі.
Кәсіпкер Алматы қаласынан коммерциялық жылжымайтын мүлік алуға қаржы қажет болған кезде «Еуразиялық банк» АҚ арқылы «Даму-Аймақтар-III» бағдарламасы бойынша 35 000 000 теңге несиені 14%-бен алды. Сыйақы мөлшерлемесінің 5,6%-ын Қор субсидиялайды.
Алматы қаласындағы «ЛОР clinic» балалар мен ересектердегі құлақ, мұрын және тамақ ауруларының алдын алу және емдеуге маманданған. Емханада заманауи медициналық құрал-жабдықтардың көмегімен науқастарға созылмалы аурулар мен асқынулармен күресуге көмектесетін еліміздегі ең үздік мамандар жұмыс істейді.
Инстаграм : @lor_clinic_kz
Адрес: Алматы қ-сы, Брусиловский к-сі, 163 үй, 23а
Байланыс телефондары : +7 701 518 85 86